39 жастағы Самат Смақов Жаңа жылдан кейін алаңға шықпайтынын мәлімдеуі мүмкін, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның үздік футболшысы карьерасын тоқтатпақ ойда. Оның себебі – қандай да бір жарақат немесе физикалық күй емес, басқарушы қызметтерден ұсыныс түскен.
«Әзірге дөп басып ештеңе айтпағаным жөн. Жаңа жылдан кейін хабарласыңыздар, сол кезде бәрі анықталады», - деп қысқа қайырды танымал футболшы.
Самат Смақов:
Қазақстанның ең үздік ойыншысы: 2003, 2004, 2005, 2007, 2008, 2009;
Қазақстан Футбол Федерациясының версиясы бойынша 3 дүркін Қазақстанның ең үздік ойыншысы (2004, 2007, 2008);
«GOAL» газетінің версиясы бойынша 3 дүркін Қазақстанның ең үздік ойыншысы (2004, 2007, 2008);
«PRO СПОРТ Казахстан» газетінің версиясы бойынша 2 дүркін Қазақстанның ең үздік ойыншысы (2007, 2008);
«Караван» газетінің версиясы бойынша Қазақстанның ең үздік ойыншысы (2007);
Қазақстан чемпионы: 1998, 1999, 2004, 2007, 2008, 2009;
Қазақстанның күміс жүлдегері: 2003;
Қазақстанның қола жүлдегері: 2002, 2005, 2014;
Қазақстан Кубогының иегері: 2002, 2008, 2014;
Қазақстан Кубогының финалисті: 2004, 2005;
Қазақстан Супер Кубогының иегері: 2008, 2010;
Достастық Кубогының қола жүлдегері: 2009, 2010;
Қазақстанның спорт шебері.