Қара алтынның бағасы өсті

/uploads/thumbnail/20171227105931064_small.jpg

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

Лондонның ICE Futures биржасында ақпанда жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,77 долларға дейін қымбаттаса, бір баррель мұнайдың бағасы 67,02 долларға жетті. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстерінің бағасы 1,5 долларға көтеріліп, бір баррелі 59,97 доллар болды.

Қатысты Мақалалар