Президент әкімшілігінің жетекшісі болған Мусиннің ұлы Латвияда көз жұмды

/uploads/thumbnail/20171227102359188_small.jpg

Латвия астанасы Ригада ҚР президенті әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин көз жұмды. Ақпаратты ҚР СІМ растады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы tengrinews.kz хбарлайды.

«Біз Асылбек Мусиннің Ригада қаза тапқанын растаймыз. Ригадағы елшілік болған істің мән-жайын анықтайды», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Асылбек Мусиннің әкесі Аслан Мусин 2008 жылдан 2012 жылға дейін президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарған. 2012 жылдың 21 қыркүйегінен бастап республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Аслан Мусин

2014 жылы Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды. 2017 жылдың қаңтарында зейнеткерлік жасқа жеткеніне байланысты қызметінен босатылған.

Қатысты Мақалалар