«Қазақстан халқынан кешірім сұраймын» (видео)

/uploads/thumbnail/20171227154514075_small.jpg

Алматыда танымал лаунж-бардың өкілі Айжан Байзақоваға қатысты оқиға үшін кешірім сұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Zakova бар атқарушы директорының видео үндеуі әлеуметтік желіге жарияланды.

«Мен Zakova бардың атқарушы директоры боламын. Елді дүрліктірген оқиғаға байланысты қазақстандықтардан кешірім сұрағым келеді.

Сонымен бірге біз осындай жағдай қайталанбас үшін қажетті іс-шараны өткіздік. Осы оқиғаға қатысы бар адамдар жұмыстан шығарылып, Айжан Байзақовамен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Біздің әкімшілік толығымен әкімшілік жазаға қатысты айыппұлды өз жауапкершілігіне алды», - дейді бардың атқарушы директоры.

«Біздің клубта осындай оқиғалар қайталанбайтынын мәлімдегім келеді. Сонымен бірге Алматы қаласындағы барлық мекемелер осы оқиғадан сабақ алсын, біздің қателікті қайталамасын. Тағы да Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Біз қазақстандықтардың ар-намысына тиетін әрекет жасағымыз келмеді», деп сөзін аяқтады бардың өкілі. 

Қатысты Мақалалар