АҚШ КХДР-ға қарсы санкцияларды күшейтті. Санкциялар тізіміне Солтүстік Кореяның екі ресми тұлғасы кірді. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметінде хабарланған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ санкция тізіміне КХДР әскери индустрия департаментінің жұмысшы партиясы басшысының орынбасары Ким Чонг Сик пен КХД Орталық комитетінің жанындағы жұмысшы партиясының бірінші вице-төрағасы Ри Пьон Чоны енгізді.
Солтүстік Корея соңғы жылдары континент аралық зымырандарды құрастырып, АҚШ-ты «үрейлендірумен» қолы босамай келеді. 29 қарашада соңғы сыналған «Хвасон-15» зымыраны 13 мың шақырым қашықтықты өткере алады. Өз кезегінде Пхеньян АҚШ-тың аумағын түгел қамтитын ядролық қару тастайтын мүмкіндікке ие болғанын мәлімдеген.