«Солтүстік Корея Қазақстаннан үлгі алсын»

/uploads/thumbnail/20170908173417819_small.jpg

«КХДР Қазақстаннан үлгі алып, ядролық қарудан бас тарқаны дұрыс болар еді». Дәл осындай пікірді сейсенбі күні БҰҰ жанындағы тұрақты  өкілі  Қайрат Омаров білдірді.  Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме беріп хабарлайды.

 КХДР ядролық қарусыздандырылған уақытта Ресей мен Қытай Ливиядағы сияқты жағдайдың орын алмауын қадағалайтын болады деді Қ.Омаров.

«Қазақстан Солтүстік Кореяға  үлгі болып отыр. Біз ядролық қарудан бас тарттық, сынақ полигонын жаптық, осы арқылы өзімізді ядролық қарусыз мемлекет ретінде жарияладық. Қазіргі уақытта біз өзіміздің аймақтық серіктестерімізбен жұмыс жүргізе отырып,  ядролық қарудан таза аймақ жасадық. Бізге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Экономикалық дамуға баса назар аударып келеміз, әскери мақсаттарға шығын шығармаймыз»-,деді дипломат.

«Біздің ойымызша, Солтүстік Корея да бізден үлгі алуы тиіс. Әрине, олардың өздерінің себептері мен мақсаттары бар. Алайда, Ресей мен Қытай бұл мақстаттардың жүзеге асуына тосқауыл болады деп есептеймін»-дейді ол.

Оның айтуынша, 18 қаңтарда «Жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау: сенім шарттары» тақырыбында дебаттар өткізілетін болады және онда ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар