Ер адам 10-қабаттан төсек жаймасымен бірге секіремін деп қаза тапты

/uploads/thumbnail/20180103132529947_small.jpg

Ресейдің Тверь қаласында көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан төсек жаймасымен бірге секірмек болып қаза тапқан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tver.sledcom.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Тверь қаласының ауданаралық зерттеу бөлімшесінде Можайский көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің маңынан табылған ер адамның мәйітіне қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес, ер адам 10-қабаттан төсек жаймалары мен орамалдарды байлап, сол арқылы түспек болған, нәтижесінде төсек жаймаларымен бірге құлап түскен. Алған жарақаттарының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Зерттеушілер көз жұмған ер адамның туыстарынан оқиғаның мән-жайын және себебін анықтау үстінде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар