Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек көрсету үшін 185,617 теңге бөлді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2017 жыл 20 желтоқсандағы № 857 қаулысында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 2017 жылдың 25 мамырындағы № 288 қаулыға және «ҚР Үкіметінің төтенше резервінен қаржы бөлу» бойынша 2017 жылдың 8 қарашадағы № 721 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Қазақстан және басқа да ел аумағындағы табиғи және техногенді төтенше жағдай бойынша ҚР Үкіметінің төтенше резервінен 2017 жылғы республика бюджетінен 662,689 миллион теңге көлемінде қаржы бөлу тапсырылды.
Құжатқа сәйкес гуманитарлық көмек көрсету үшін Тәжікстанға 276 790 000 теңге, Қырғызстанға 2 00 281 141,92 теңге, Сирияға 185 617 872 теңге көлемінде қаржы беру қарастырылған.
Бұған дейін Қазақстан Сирия халқына азық-түлік түрінде 500 тонна гуманитарлық көмек көрсеткені хабарланған.
Пікір қалдыру