КХДР зымыраны 237 мың тұрғыны бар қалаға құлады (фото)

/uploads/thumbnail/20180104134657239_small.jpg

Солтүстік Кореяның  2017 жылдың 29 сәуірінде ұшырылған баллистикалық зымыранын сынағы сәтсіз ұшырылып, нәтижесінде зымыран қиындылары  елді мекенге құлаған.

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Diplomat-қа сілтеме беріп хабарлайды. «Хвасон-12» орташа радиусты зымыран 237 мың тұрғыны бар Токчхон қаласына құлаған. Соның салдарынан ауылшаруашылық және өндіріс орындарына зардап келген.

Шетелдік басылымдардың жазуынша, зымыранның ұшу уақыты ұзақ болмағандықтан, жарылыстың күші үлкен болуы мүмкін еді. Алайда, журналистер зымаранның өндіріс орнына жұмыстан тыс уақытта құлағандықтан зардап шеккендер саны көп болмағанын айтады.

КХДР

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар