2017 жылдың 29 сәуірінде Солтүстік Корея аумағында өткен сәтсіз сынақ баллистикалық зымыран қалдықтарының аталмыш аймаққа құлауына әкеп соқты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл жайында АҚШ билігі мәлім етті.
Жергілікті басылымдардың мәліметіне сәйкес, «Хвасон-12» орташа радиусты зымыраны Токчхон қаласына құлаған, аталмыш қала тұрғындарының саны 237 мыңға дейін жетеді. Баллистикалық зымыран қалдықтар жергілікті ауылшаруашылығына едәуір нұқсан келтіргендігі белгілі болды. Аталмыш зымыран ауада бірнеше уақыт бойы қалықтап жүрген.
Деректерде көрсетілгендей, зымыранның ұшу уақытына қарай және де пайдаланылмаған отынның үлкен мөлшеріне байланысты соққы айтарлықтай күшке ие болады деп күтілген. Тілшілердің пайымдауынша, зымыран жұмыстан тыс уақытта өнеркәсіп аймағына құлағандықтан зардап шеккен адам саны тым көп болуы әбден мүмкін.
Пікір қалдыру