«Бір сен үшін»-де басты рөлге Байқзақованы бекіткен актер пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20180104140323103_small.png

Бір жыл бұрын Азамат Сатыбалданың «Бір сен үшін» фильмі үлкен экранға  шықты. Онда басты рөлдердің бірін атышулы Айжан Байзакова сомдаған. Актер оның өз  рөлін жақсы алып шыққанын айтады. Және клубта болған жағдайды құптамайтынын жеткізді.

«Қадірлі ағайын, Айжан Байзакованың төңірегіндегі дауда менің де атым аталып, біраз сұрақтар келіп жатыр. Берер жауабым мынау:

  1. Біз, “БІР СЕН ҮШІН” фильмін екі жыл бұрын түсірдік. Ол кезде Байзакованың кім екенін ешкім білмейтін. Білмейтіндердің ішінде мен де бармын. Бұл Айжанның үлкен кинодағы алғашқы ролі, сериалдарды санамағанда....

Ол киноға кезекті кастинг арқылы өтті. Шыны керек кастингке қатысқан барлық актрисалардан оқ бойы алда тұрды. Сценаридегі Индираның образын толық жеткізе білді. Осындай актриса тапқанымызға қуанғанымыз да өтірік емес. Сенбесеңіздер киноны қайта көріп шығыңыздар. Өз ролін өте жоғары деңгейде алып шыққан.

  1. Оның жеке өмірінде еш шаруам жоқ. Әркім өз өміріне өзі жауапты.

Оны әке-шешесі немесе бауырлары тәрбиелеу керек. Құр айқайдан не пайда,адам өзі түсінбесе. Күрсінесің де қоясың.

Мен ер азамат ретінде,клубта жасалған әрекетті құптамаймын.

Құдай сақтасын» деп жазды Азамат Сатыбалды өзінің инстаграм парақшасына.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар