Теңге рубльдің ізімен неге жүруі керек?

/uploads/thumbnail/20170708164459743_small.png

Теңгенің құнсыздануы негізінен 2 факторға кеп тіреледі: біріншісі - мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, екіншісі - Ресей рублінің құнсыздануы. Осыған орай кеше Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов теңгеге қатысты ұстанымды тағы бір нықтаған болатын. Бас банкир бұдан былай да валюталық айырбас бағамы 1 долларға 170-188 теңге аралығында белгіленеді, бұл бағам дәлізі бізге келешекке нық сеніммен қарауға септігін тигізеді, сол себепті де қазақстандықтарға теңгедей салымды сенімді түрде жинақтау беруіне болады деп сендірді.

Дегенімен..

Еліміздің бірқатар экономист-сарапшылары теңгені құнсыздандырмай болмайтынын, теңгені тежеп ұстау нақ қазір нарық заңдылықтарына сай келмейтінін айтып дабыл қағуда.

Теңге рубльдің ізімен неге жүруі керек?

Жұмаділдда Баяхметов, экономист-ғалым:

- Қазір елімізде бір рубль 2,80 теңге болып тұр. Рубльдің Қазақстанда бұлайша арзандауы бұрын-соңды болмаған көрініс. Өткенде Ұлттық банктің өзі 2009 жылғы дағдарыстан кейін де рубльдің құны бұлайша түспегенін айтып дағдарды. Ал енді жағдай осылай қалыптасуы мұң екен, қазақстандықтардың басым бөлігі арзан рублді көсіп сатып алып алды. Қарапайым халықтың ойынша арзан рубльді сәтті пайдаланып сатып алу барынша пайдаға кенелтеді. Мысалы, осыдан үш ай бұрын Ресейдің бір рубльінің бағамы Қазақстанда 4 теңгегің айналасында тұрса, қазір 2,80 теңге болып тұр. Айырмашылықты сезінген біраз қауым қазір арзан рубльді сатып алып, оны қайтадан Ресейдің нарығына апарып салып, сауда-саттықпен айналысып өзінше пайда кенелуде.

Бұлайша қазақстандықтардың арзан рубльге құмартуы бұл еліміздің эконмикасына зиянын тигізбей қоймайды. Арзан рубль сатып алып жатқан отандастарымыз Ресейде тек қана ірі сауда жасап қана қоймай олар тіпті азық-түлікке дейін сол елден тасуда. Ал біздің бұлайша арзан рубльді сатып алып, оны қайта апарып Ресей нарығына салуымыз Ресейден гөрі біз үшін аса қауіпті. Рас, Ресейге мұның қаупі бар. Ол елге қауіпті болатын себебі сырттан баратыны бар, ішкі айналымдағы рубльі көбейюі бар барлығы қосылып Ресей валютасының құны одан әрі төмендей береді. Бұл рубльдің одан әрі құнсыздана беретінін көрсетеді. Ал біз үшін қауіптісі бұл үрдіс өз экономикамызды тоқыратады. Қанша жылғы еңбегімізді жоқ қылады. Бұдан біздегі отандық өнімге сұраныс төмендеп, елге жаппай Ресейден арзан импорт ағыла бастайды. Бұл өзінен өзі отандық экономиканың адымын аштырмайтын құбылыс. Ресей әрине бұл сәтті құр жібермейді. Өзінен тауарын алып жатқан елге Ресей бұдан былай белгілі бір талаптар қояды. Ресей өз экономикасын әлдендіру үшін енді болашақта арзан импортын бізге тоғытып біздің ішкі нарықты одан әрі жаулай түседі. Бұл - біле білгенге өте қауіпті тұс. Ресей ендігі кезекте импорттық тасымалына барынша назар аудара бастайды. Осылайша Ресей қазақстандық нарыққа келіп барынша кірігуді, сол арқылы көрші ел өндірісшілері елімізден өздеріне жайлы экономикалық орта қалыптастыруды ойластырып отыр. Ресейдің тауарын жаппай ала берген соң, қазір отандық өндірістің адымы ашылмай тұр. Сондықтан теңге рубльдің ізімен жүруі тиіс. Экспорттаушылармызға долларды қымбаттату тиімді болмақ. Экспорт-импорт қатынасында отандық өнідірісшілер доллармен айырбас жасайды. Сондықтан экспорттаушылардың пайдасын еселеп, бюджетке түсетін түсімді көбейту үшін бір доллар 270 теңге болуы керек. Олай етпесек, экспорт- импорт қатынасында бізге пайда келмейді. Бұдан отандық кәсіпорындардың табысы азайып, өндірістің аяқ алысы кері кете бастайды. Сондықтан отандық өндірісті қолдау үшін де, экспот-импорт қатынасынан пайда көру үшін де долларды қымбаттатуға мәжбүрміз. Сол үшін де теңге рубльдің ізімен жүруі керек. Теңгені қолдау үшін, отандық өндірісті қолдау үшін бізге алтын-валюта қорынан, Ұлттық қордан қатарынан екі жыл қаржы алып отыруға тура келеді. Ал бұл тіпті шығынға батыратын құбылыс.

Мұнай бағасы да алқымнан алып тұрған жоқ па?

Сондай-ақ мамандар әлемдік нарықтағы мұнай бағасынан түсетін түсімнің де тым азайып кеткеніне байланысты теңгені құнсыздандыруға тура келетінін алға тартуда.

Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:

- Brent маркалы мұнай бағасының барреліне 45 доллар болып түзілуіне қатысты еліміздің Ұлттық банкі теңгені 15,5 пайызға құнсыздандыруы керек. Бұдан барып бір доллардың құны 270 теңгені құрауы ғажап емес. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі мұнай бағамы барреліне 100 доллар болғанда 4,8-4,5 пайыз болуы керек-тін. Дегенмен әлемдік биржада мұнай бағамының әр күн сайын төмендеп жатқанын ескерсек, 2015 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі азаюуы әбден мүмкін. Мұны жасырудың еш қажеті жоқ. Болашақта бізге импорт-экспорт ара-қатынасын реттеу үшін долларды қымбаттатуға тура келеді.

Біздің экспортымыздың 80 пайызын мұнай құрайды. Мұнайдан түсетін түсімді біз доллармен есептесеміз. Мұнай бағасының төмендеуі – сол түсімді азайтып жіберді. Ал енді соған қарамай доллар арзан күйінше қала беретін болса онда түісм де еселенбейді ғой. Ауыртпашылық көктемге қарай анық білінеді де Ұлттық банкке теңгені девалвациялауға тура келеді. Себебі мұнайдан түсетін түсім азайып қазірдің өзінде бюджеттің де кірісі күрт төмендеді. Теңгені тежеп ұстап тұру үшін де қордан қомақты қаржы жұмсауға тура келеді. Отандық өнідіріс орындарын қолдау үшін, қаржы институттарын тоқыратпау үшін де Ұлттық қордан қаржы алынатыны бізге мәлім болды. Бірақ халықаралық сарапшылар бұл дағдарыстың 2017 жылға дейін созылатынын баса айтып отыр. Сонда екі жыл бойы теңгені тежеп ұстаймыз деп қаншама шығын көреміз. Бұл ыңғайға келмейтін жайт. Сондықтан алтын-валюта қорын үнемдеу үшін теңгені девалвацияға түседі. Мұны мойындау керек.

Отандық өндіріс әлден субсидия сұрап отыр

Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:

- Рубль мен гривнаның құлауынан қазақстандық кәсіпкерлер әлден субсидия сұрап отыр. Қазір біздің нарықта Ресейдің тағамдардан қазақстандық аграийлердің шығарған өнімдері қымбат. Ресей рубльі құлдырап, экономикасы мың құбыла бастағанна кейін олардың өнімдерінің де бағасы түсті. Бұл өз алдына ал енді бізге неге бұл елдерден арзан импорт ағыла бастады дегенге жауап ізделікші, мысалы, Кедендік Одақта тауар үлесі қысқарып отырған мына біздер. Ресей Кедендік Одақ аясында бізге көп мөлшерде тауар енгізе алады. Ал біздің кеңістігіміз, тауар өндіру қабілетіміз Ресейден қарағанда төмен және аз. Демек, бұл жерде біздің отандық кәсіпкерлерге әділетсіз бәсекелік орта қалыптасып отыр. Мысалы, бізде қосымша құн салығы 12 пайыз болса, Ресейде 18 пайыз. Корпоративтік табыс салығы бізде 20 пайыз болса, Ресейде 30 пайыз. Ал енді бұл әділетсіздік емес немене? Бұған қоса Ресейдің арзан импорты біздің нарыққа емін-еркін келіп жатыр. Ар Ресей тарапы біздің кейбір тауардарымызға «техникалық регламентке сай емес» деген желеумен шектеу де қойып тастай алады. Ол аздай қазақстандықтар арзан рубльді көсіп сатып алып, Ресейден ірі-ірі сауда жасап жатыр. Ал енді ол аздай теңгені құнсыздандырмаймыз дейміз. Тежеп ұстаймыз дейміз. Бұл нарық заңдылығына қайшы келетін дүние. Отандық өндіріс қазірден субсидия, дотация сұрап, көмекке зәру болып отыр. Мұндайда теңгені тежеп ұстаймыз деу ақылға сыйымсыз. Барлығына шынайы көзқараспен қарайтын кезең әлдеқашан жетті емес пе?! Егер біз экспорт-импорт ара қатынасынан пайда көреміз десек, отандық өндірісті қолдаймыз десек, теңгені құнсыздандырумыз керек болады. Ал құнсыздандырмай ұстап тұрамыщз десек, онда отандық өндірісті, экономиканы қолдау үшін қордан қомақты қаржы алуға тура келеді. Дегенмен дағдарыс ұзаққа созылар болса, ол әрекет те уақытша көмек болмақ...

 alashainasy.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар