Айдай Исаева "Әлем аруы" байқауының жартылай финалында бақ сынады (фото)

/uploads/thumbnail/20170708164507212_small.jpg

Қазақстандық Айдай Исаева "Әлем аруы-2014" конкурсының жартылай финалында ұлттық киіммен өнер көрсетті. Бұл туралы конкурстың ресми сайты хабарлады.

Әлемдік арулар байқауының жартылай финалы кезеңі телевидениеден көрсетілген жоқ, бірақ  қазылар алқасы финалға 16 қызды іріктеп алды. Финал 25 қаңтарда Майамиде (АҚШ) өтеді.

"Әлем аруы" атағы үшін сынға түсетін он алты қатысушының есімі конкурстың тікелей эфирде көрсетілетін финалында жарияланады. Жартылай финалда әлемнің түпкір-түпкірінен бақ сынаған 88 ару сахнада өз өнерлерін паш етті.

Біздің отандасымыз сахнада өзін сенімді ұстап, финалға өтуге үміттенуде. Еске сала кетейік, 25 жастағы Айдай бұған дейін "Шымкент аруы-2008", "Алматы вице-аруы-2013", "Қазақстан аруы-2013" атақтарын жеңіп алған болатын.

Айдай Исаева Айдай Исаева Айдай Исаева Айдай Исаева
Дереккөз: BAQ.KZ

Қатысты Мақалалар