Қазір кейбір өнер жұлдыздардын бірден тану тіптен мүмкін емес болып отыр. Неге дейсіздер ғой? Өйткені біздегі шоу бизнес майталмандары шаш үлгісін өзертіп әлек. Мәселен, әнші Мақпал Исабекова ұзын шашты қия –қия қысқартты..
Сондай-ақ, Жаңа жылды Лидо әнші де жаңа шаш үлгісімен қарсы алды. Ақшыл сары шашты әдемі аққұба қыз боп шыға келді.. Бұдан басқа «ә?» дегенде ойға оралатындары қаншама..
Ендеше, алдарыңызға шашымен жүрексінбей эксперимент жасауды жақсы көретіндердің фото-суреттерін ұсынамыз.
Санжар Мәдиев, алдымен сақал-мұртын өсірді, кейін..
Мақпал Исабекова, алтын түсті толқынды шаштары, кенет қою қара қысқа шаш үлгісіне ауысты
Ал Лидо керісінші, қарақаттай қара түстен, апельсиннің алтынына көшті
Белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей қызғалдақтай қызыл түсті жөн санады
Ринго тобының әншісі Данияр Өтеген ақыры нағыз ерлерге тән шаш үлгісін жасатты
Ал әнші жігіт Әлішер Кәрімов алдымен, заманауи, жастарға тән шаш үлгісін жасатып еді, бірақ кейін көзіміз үйренген бұйда шашты Әлішерге қайта оралды
Өзін "рэпермін" деп таныстырып жүрген Дилани мырзаның шаш қою үлгісі тіптен бөлек. Біресе бар, біресе жоқ..шашын айтам.
Назерке Тоғжанова













