АЛИ ОҚАПОВ САЯСАТҚА БЕТ БҰРДЫ

/uploads/thumbnail/20170708164548579_small.jpg

Әнші Али Оқапов ресми түрде Алматы қаласы Жастар саясаяты мәселелері жөніндегі басқармасының мүшесі болып тағайындалды. Осы жайында толық ақпарат алу үшін Али мырзамен сұхбаттасып, нақты жауаптарын алған едік.

- Біріншіден, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мүшесі болып тағайындалуыңызбен құттықтаймыз. Мүшелікке қалай тағайындалдыңыз?

- Жалпы мүшелікке тағайындалатын адамдар арасында іріктеу өтті. Яғни, интернет арқылы онлайн дауыс беру жүргізіліп, дауыс берілді. Нәтижесінде көп дауыс жинаған үміткерлер мүшелікке қабылданды.

Мүшелікке тағайындалуға кім ұсыныс жасады немесе өзіңіз ниет білдірдіңіз бе?

- Жоқ, мен өзім ұсыныс жасаған жоқпын. Жалпы әкімшілік өздері кандидат болуға лайықты деп санап, менен «іріктеуге қосуға бола ма?» деп рұқсат сұрады. Мен рұқсатымды бердім. Әрине, бұл күтпеген нәтиже болды. Іріктеуден өттім.  Дауыс жинау жағынан әртістерге оңай деуге болады. Бірақ біз ең көп дауыс жинағандар қатарынан емеспіз. Іріктеуден өткен барлық әртістердің нәтижесі орташа болды. Көбіміз екі мыңға жуық дауыс жинаппыз. Арамызда он мыңға дейін дауыс жинаған басқа сала өкілдері де бар. Жалпы біз өзімізді ұсынып, халықтан дауыс жинаған жоқпыз. Мен өзім байқаған да шығарсыздар, ешбір әлеуметтік желіде, сұхбаттарымда бұл жайлы айтқан да жоқпын, «маған дауыс беріңіздер» деген әңгіме болған жоқ. Себебі, біріншіден әділ болуы керек, екіншіден кімге дауыс беріп, кімді таңдайтынын халық өзі біледі.

10954028_637117333076927_551233298_n

- Енді мүшеліктегі қызметіңіз бен міндетіңіз қандай?

Біз кеңес ретінде жастар мәселесіне байланысты жиналып, бір-бірімізбен кеңесіп отырамыз. Әрбір отырыста түрлі мәселелер төңірегінде сөйлесіп, шешу мәселесін қарастырамыз. Нақты бір міндетіміз бар деуге болмайды.

- Алдында әртістер жайлы айтып кеттіңіз, сізден басқа тағы қандай шоу-бизнес өкілдері мүшелікке тағайындалды?

- Актер Ануар Нұрпеисов, цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов, волейболшы Сабина Алтынбекова, НТК арнасының жүргізушісі Салтанат Бекжігітова.

- Шығармашылық жұмыстарыңызға кедергі келтірмейді ғой?

Жоқ, мүлдем кедергі келтірмейді.

Сұхбаттасқан Аида ЖҰМАҒАЛИ

Baistars.kz

Қатысты Мақалалар