Бельгиялық музыканттар "Қамажайды" европалық мәнерде орындады

/uploads/thumbnail/20170708164617414_small.jpg

Julien Jaffres деп аталатын Бельгиялық музыканттар тобы Қазақтың Қамажайын европалық мәнерде орындап шықты.

Бұған дәлел, ғаламторда пайда болғаны келесі видео-түсірілім. Қазақстандықтардың назарын дәл осылай өзіне аудартқан музыканттар еліміздегі телеарналардың біріне берген сұхбатында «Қамажай» әнінің Қазақ музыка тарихында алар орны ерекше екендігін, және «Қамажайды» алдағы уақытта қазақстандық әншілермен бірге қосылып шырқағысы келетіндерін айтты.

Өзгенің гитара, скрипка, волынка, барабан аспаптарының сүйемелдеуімен орындалған біздің «Қамажай» Julien Jaffres тобының ән жинағына еніп те үлгеріпті. Айта кету керек, бұдан төрт жыл бұрын Бельгия әншісі Вим Роланд Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін шырқаған болатын.

Дәл осындай «бөтеннің » қазақтың әнін айтып, биін билеп жүрген видеороликтері ғаламторда қазір қаптап жүр..Осы арада «неге?» деген сауал туындайды. Қазақтың ақкөңілділігін пайдаланып, тиын тебен тапқысы келгендегі ұтымды жасалған пиар ма,әлде шын мәнісінде елді,жерді құрметтегені ме?

Күдік туғызады..

Пиар деп отырған себебіміз, біздің қазекең қазіргі кезде оларды қызықтап,той томалақтарға шақырып әлек..

Назерке Тоғжанова

http://youtu.be/k9tl9Bgrkc8

Қатысты Мақалалар