"Чип чипке" - 1000, Еркін Шүкіманға - 10 мың доллар...

/uploads/thumbnail/20170708164617681_small.jpg

Батыстағы өзін білімдімін деп санайтын қауымның Бетховенді, Моцартты, Шопенді білмеуі мүмкін бе? Немістің бір белгілі саясаткері, кәсіпкері Моцарт деген кім деген сұраққа жауап бере алмаса үлкен МАСҚАРА болар еді ғой? Тіпті болмағанда « Композитор болған» деп айта алмаса!

Ал сондай бір белгілі өркениеті дамыған батыстың адам Поворотти кім, Мариа Каллас, Карузо кім деген сұраққа 1білмеймін, футболист пе6 боксер ме" деп жауап беруі мүмкін бе? Онда ол адам өзін сауаттымын деп айта алар ма еді? Олай жауап берген өзін элита санап жүрген адам елдің бетіне қарай алмастай МАСҚАРА болар еді!

Ал біздің елдің алдында жүрген саясаткер, кәсіпкер қазақтардан: Біржан сал кім? Ақан сері кім? Әсет пен Кемпірбай кім деп сұрасаң қаншасы жауап бере алады? Сүгір мен Дәулеткерейді, Ықылас пен Қорқытты, қайсысы ажырата алады? Біздің сол дүлдүлдеріміз батыстың композитарларынан қай жері кем еді??

Әміре мен Жүсіпбек, Ғарифолла мен Мәдениеттердің әндерін, қазіргі кезде солардың ізін басып, көзіндей болып келе жатқан ғаламат әншілеріміз Еркін Шүкімән, Ерлан Төлеутай мен Ерлан Рысқали, Рамазан сияқты бауырларымыздың әндерін қайсысы тыңдайды, фанерамен айтатын арзан әншілердің астарында қалдырдық ңағыз бекзат КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕРІМІЗДІ бен нағыз ӘНШІЛЕРІМІЗДІ кім бағалайды?

Қазіргі заманның технологиясы қолымызда, Құдайға шүкір, Қазақтардың қолында. Қаны бар қазақтар, ұрпағын, болашағын ойлайтын қазақтар қолынан келгенше осы Классикалық (дәстүрлі) өнерімізді алға сүйрейік дегім келеді. ТВ да, Жұлдыздар отбасы сияқты, басқа ақпарат құралдарының құлағын ұстаған қандастарымызға және жалпы той жасайтын Қазақ ағайынға наз: Тойларыңызға фанерамен жазып алған, 2-3 нотадан тұратын арзан әншілерді емес НАҒЫЗ ӨНЕР иелерін шақырыңыздар, әспеттеңіздер, ұрпақтарыңызға насихаттаңыздар!! НАҒЫЗ ЖҰЛДЫЗДАР солар! Қалған фанерамен айтып жүргендер арзан, біраздан соң қуаты бітіп қалатын балауыз шамдар!

Нағыз сапалы әндер ғасырлар тезінен өтіп, осы күнге жеткен біздің бабаларымыздан қалған АСЫЛ ӘНДЕР мен КҮЙЛЕР! Олар да, сол әндер мен күйлерді жоғары деңгейде орындап қазіргі дүлдүлдеріміз қазіргі бағалап жүрген даңғырлақтан жүз есе қымбат тұруы керек!

Чип чип, ауырмайды жүрек, аспанға қараймын 1000 доллар тұрса, жоғарыда айтқан әншілеріміз 10 000 доллар тұруы керек! Биік пенен аласаның шекарасын адастырып алмайық ағайын!

(Ахметбек Нұрсиланың фейсбуктегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар