Террор туралы түсініктер әр мемлекеттің саясатына қарай әртүрлі болып кете береді...Өткенде Ресей арнасында теракті туралы бір ғалым "бұл бандитизмнен" де өткен сорықылық деп анықтама жасады. Тыңдап отырып ойым терроризмнің табиғатына емес, бандитизм деген сөздің төркініне кетіп қалды. Кезінде орыс тіліндегі "бандит", "бандиты", "бандитизм" деген сөздер "нақшбандия" тариқатының өкілдеріне айтылған. Нақши бандиты деген сөзден алған. Олар біздің ата бабаларымыз...Ресей патшалық отаршылдығына қарсы үздіксіз, ымырасыз соғыс жүргізді..Сонда олар өз елін, топырағын, намысын, арын, дінін, отанын қорғау жолында шейіт болғандар...Бізге, кейінгі ұрпақтар үшін олар күнде рухына дұға бағышталып отыратын қасиетті қара нардай аталарымыз, жоталарымыз. Ал орыстар оларды бандиты деп атаған. Онысымен қоймай, олар террористерді бүгін де сол бізді аталарымыздың сипатымен атайды...Шындығында терроризмнің тарихы біздің топырақта орыс отаршылдығымен басталған...Бүгінгі анықтама бойынша да бұл кеңістіктегі ең басты террорист Ресей...Көріңдер бүгін Украинада олар әлі кешегі террористік ұстанымынан жаңылар емес...
(Досай Кенжетайдың фейсбуктегі парақшасынан)