Сөзі аспанда Ісі жерде, Қауышпады-ау, Ешқашан. Бай, мырзаның ұлындай, Кедей қызға Сөз салған. Сөзі аспанда Ісі қайда? Жер сипаттың, Ұрылардай тіс қаққан. Жемтік көрсе – Қарғалар Дарпылдатып Қанаттарын жаяды. «Сиқырланған» Адамдар Аңдып басып аяғын... Ұйқы сергек, Ой қуаң. Сегізінші мүшелінде Қарт адам. Дүниенің қызығы Ол үшін – Жәрмеңкенің базарындай тарқаған... Өлең! Өлең! Өлең! – деп, Аппақ қардай басы анау. Өеңге ол айналып Кеткен жоқ па!? Тамсанады айналаға таң қалып. Бір нәрсеге жетпегендей – Аңсаған. Өлең деген Ол үшін Үйреніскен «жау» емес пе – Бұрыннан. Өз-өзіне күбірлеген шалына Бәйбішесі ойлады: «Мүмкін мұны жын ұрған»...
2Күбірі мен сыбыры Анық сөзге айналды. Оның «жынын» біледі Тек бір Құдай Ешкім уәж Айта алсын ба байламды. Өлең! Өлең! Өлең! Бақсың ба? Әлде, Сорсың ба? Басыма кеп Қоныпсың ғой Қорсынбай... Қайран жастық Ет-терінің Арасындағы желік пе ең!?... Келіспеске келістік Бишігіне бағынып, Билігімен жүргендей-ақ Жер үсті... «Билігімен» Жүргендей-ақ Жер үсті. Өлең бе? – деп, Дал ұрдық. Көз жеткісіз Көк мұнар Көз жеткісіз кеңістік.
3Ешкімді де Алымсынбай от кеуде. Көктем! Көктем! Шүлен нұрын төккенде... Шағала – шабыт Шарқ ұрып, Жырың да аспан. Жырыңменен жұлдыздар – Жымыңдасқан. Қас қағым сәт, Көктем бе балбыраған! Қас қағым сәт Құстардың қанатында – Қалқыған ән... Тұяқ қақпас Секілденіп өткелдер. От кеуденің – Жалыныш-ай! Сияқтанып Жер жаһанда Бізден басқа Жоқ пенде... Ұяң қыздың жүзіндей Үлбіреген көктемдер Нәзіктік пен пәктікті Сенен алды-ау от кеуде... Бәр-бәрін де, Бәр-бәрін де, Бердіңдер Көк сағым көшкен көктемдер, Сенің пүліс шымылдығың Менің күміс күлкімді... Жасырды. Жасырды ғой Көкпеңбек!!! О, көктемдер! Көк белдер! Сендерге Еш өкпем жоқ.
4Әдіра қалғандай Байлық, Мәнсап, Мәртебе. Сезілді онда Алдамшыдай – Әлде не... Талайлардың Бақ жұлдызы Жанып, Сөніп, Жоғалды. Бес мүшелі Қаламменен күзеттім, Күзеттім дүние – қоғамды.
5Көңіл – дүрбі Көріп бәрін ашындым. Қысағасы қышытқан Бұзауларша Қасындым... О, дәурен-ай! Біздер үшін Қолындағы өмір десін. Дөнен иттей Кергіткен. Қараңғының Айналарын жарыққа, Жүрегімнің көзіменен Мен күткем... Сол күндерде Келді-ау, әйтеу Мен күткен!! Жылдарымның қамқасын Әдіптедім әр жерден Әшекейлеп зер жіппен.
6Көңілде тұр Барлығы да жарасып. Келтіресің өмірге Әр таң сайын «баласын». Болмаса «енең» Саркідір бәйбіше. Шырқырайды «сәбиің» Іші кеуіп, Жауырыны жабысып, Міне осында Бар «қызық».
7Өмір деген орданың Мықшиып бел Отын-суын Көтересің арқалап. Өлең – сәби, Өлең! Өлең! Бабы күшті қарт адам... Оташының қолындай Қолың сенің Орнына дәл Түсіре алса сынықты. Жүреді жұрт алғыстап. Теріс салсаң, Көз ашпайсың Қарғыстан. Бәрі өтеді қолыңнан Күйреп жатқан «қаңқалар». Өміріңе бір қарап Бәлкім іштей тамсанар. Алтын менен күмістей Қолы жеткен ер құйып. Ал, біреулер Кірпіш соғып, Там салар. Жолықсын-ау, Қайда күнде «Қансонар». Өнеріңе қолын соқса – Алты алаш. Шемен болған Шерің қалай тарқамас.
8Жұрттан бұрын, Көп нәрсені түсініп... Уақыттың уын ішіп, Балын жұртқа ұсынып. Жүресің сен Жүрген малдай жерсінбей, Қайда қашып барасың, Тигеннен соң еншіңе! Біз, Ине, Жіп, Саусақтарын тоздырған Етікшінің күйін кешіп, Тұрады ылғи от-жалын Желдей болып миыңда есіп... Жеріне жетпей межелі, Жел қайығың тоқтамас. Қарау байдың Секілдісің қойшысы «Қой» жоғалмай, Сен өлмей, Ол да сені жоқтамас. Сен жегілдің – Арбасына. Арба сынбай, Өгіз өлмей, Тұрса болды Жоқ талас. Бірі сынып, Бірі өлмей Сені ешкім де Жоқтамас. Ақын, ақын болар ма еді, Қолпаштаса – Дүйім жұрт!?... Жүрек қаным жөңкіліп Мұхиттарға құйылды...
9Омыртқасын опырып, Жарылып жалпы сүйегі... Шығып естен михынат, Ұмытшақтық ауруына шалдыққан Аналардай Балаларын шұбыртқан. Бұлдағы бір құмарлық, Өз басына түспесе Мұңымызды Ұғар кім?!... Жоқ іздеген пендедей Жолға шығам, Ізін кесіп, Табуға оны құмармыне Мен өлеңмен Тұрғыздым-ау, Бұлтпен көрші Мұнар шың!!!
10Жүнше түтіп жүйкеңді Жүдетеді – Айналаңда дағдарыс. Көрсеткендей Иір-қиыр, Күдір-күдір Жолды алыс... Көңіл көзбен Көріп тұрсың Соры шыққан Соқпағы көп Жолды алыс. Жас сиырдың бұзауын Жалмап жатыр жолбарыс... Бара жатыр Мама сиыр Желіндері Жер сызып. Қашып жүрген даладан Рас біздің ел қызық!!... Тау-далаға шашылып, Жатпай ма, әне, қой сыймай, Ауасының дауасын-ай ауылдың!! Тар қалада – Құз жартасқа Ұя салған құстарша, Отырмай ма «ойшылдар»... Қайбір сайтан Саңғытты екен – Санаға!?... Ауыл деген – Жер ұйықтан жиркеніп, Қамалғаны-ай қалаға!!! Жеті атадан жерге сіңген Тамырларын келді үзіп... Тамырсыздар – Қалай көктеп Жайқалар. Осы біздің ел қызық!!!
11Мен көргелі Бұл аспан Ашық Әрі Тұңғиық. Шын түсініп Шашбауынан Көтерсін-ау Кімді-кім!! Мүлт жібермес Мүдде сенің өз ойыңды. Осы жолда Аяйды дейсің Кімді – кім. Жер бетінің – Жыртқышына алдырмас, Ал, бірақта Қанаттылар аяған ба, Бір-бірін... Солықтаған дүние Бір-бірінің Талап, Тартып, Жемтігін. Толықтаған дүние Бір-бірімен, Бір-бірінің кемтігін. Бауырмалдық Өті ме екен аюдың?!... Тапқан әйтеу, Көп іздеп... Созыла тартсаң шанаңды, Ала жаздай жұмыстағы Мұқыл мүйіз өгіздей. Жетер шаруа, Көктем, Жаз, Күз, Қысты күн. Жұмысыңа ал, сенің Пеш қасында – Отқа қызған мысықтай Қарайды өмір сықсиып... Сапар шалғай Сабау қамшы Салт аттыдай Тарту керек төтелеп. Серуеніңмен жүргеніңде Бала-шаға керуеніңді Кетеді екен жетелеп...
12Мен өлеңнің Соғып алдым, Қабылан, Қасқыр, Түлкісін. Қақпаны қанды Мен боламын Болса егер бір кісің... Келер бәлкім Бәз біреудің күлкісі. (Ол шырғалап Түсірген бе ед қыр құсын!?). Ақ жауынға жуынып Бойын созған аспанға Өлең мүмкін тік шынар. Талай үйдің – Таған тасына тартылған, Өлең – шұныр жіп шығар. Өлең деген емес пе, Майы жоннан сірескен – Біздер ұзақ күткен күз. Кейбіреудің ойлары Жайдақ судай Ішіп кетер Ит пен құс. Қанша жерден Айбар шексін Қайдан қасқыр Бола алсын-ау төбеттер... Кей ақынның өлеңі Су секілді қой өткен...
13Шындық десе ұжданым – Тұрды ішімде шыжақтап... Тізгінімді Байлады да жалыма. Таң асырды жылдарым Жайлаудағы құр аттай... Өмір мені жылатса да, Мен ешкімді жылатпай. Маза бермеді ойларым Тастан-тасқа Секіретін лақтай. Шекшек ата – Тұқымының тұяғы-ай! Магниттей жабысқан!!... Қоңыр ойлар – Қой секілді момақан. Тигізбестей жүген, құрық. Арғымақ ой кісінеп Арындады алыстан... Тоқал өгіз секілді Зәбірі жоқ ниетім. Сол үшін де Айналам Маған басын иетін... Поэзия ұқсамайтын шығар Жылау Жоқтауға. Ұқсайтын болар мылтыққа – Таңдайын оқ салған. Поэзия ұқсай қоймас, Айғай Аттан Дауыстарға шыңғырған. Тіл қатар Сұлулардай сыңғырлап. Ол сөйлейтін шығар Сәбилердей былдырлап. Кенелген болар Ишара Күбір Сыбырға. Көк теңіздің жағасы: Таудай, Таудай, Көкке шапшып Соғылысқан толқындар – Табыт берді... Өлмедім. Шабыт сыйлап Сол жылдар... Сүйекке етің ілінгендей Ойхой, жылдар! Ол жылдар! Оны ойласам Бас лықылдап Екі шекем солқылдар. Жырсыз өткен Ай, күндерің Шығын, ә!? Сапарыңа жету үшін діттеген Кейде өмірдің Жығыласың ығына. Өмір! Өмір! Қызық пенен қиындық, Әуел бастан сен де егіз. Сен секілді Мен де егіз... Көсемсиміз Көрмегендей ештеңе, Жылқы мінез пендеңіз...
14Алда күннің қамы үшін, Құмырсқадай еңбектеніпе – Тынбаймын. Жұлдызшыдай отырамын Қадағалап жыл жайын... Алмас қылыш Соғар ұста. Оның суын Табуды айт. Әккі жауға Осал жерден, Шабуды айт!!! Жұрттан асқан Болмаса – Айла – амалың. Поэзия алдырсын ба қамалын!?... Қазынасы қайнаған Болсын қайдан тау біткен!? Текті айғырлар Шапқанында биеге Үйірінен шеттей қашар сәуріктер... Асып, Тасып, Буланып, Дәуріккенің Бола берсе бәрі ақын. Мынау әлем Қағып алып, (Қйдан жисын қанатын). Хош исті гүлдерден Көңіл хош боп – Тапқаныңда рахат. Сұлу жырдан Бой созбай ма мұнара! Лағыл Меруерт Маржан – Сөздер - әдеп-құт. Уысына түспеген соң «Ақындар-ай!» Өзіндағы, Өзгені де Әлек қып...
15Арпалысқан өмірге Жарасар ма, Жай екпін!? Ірімшік, құрт Қайдан болсын құнарлы, Жасалғанда мәйексіз. Поэзия асқақтайды ажары – Серілік пен салдықпен. Көрінбей ме айнасынан көңілдің Сыры ғажап, Жылжып жатқан тәуліктер. Төселесің бабымен – Кемпірдей боп Шал күткен. Қалт жібермей Әр қимылын, Отырасың аңдып сен. Кейбіреулер Салдыр-салақ Болғаны үшін айыпты. Күзетесің өмірді Күзеткендей мәйітті. Кім айта алсын, «Шырқау шыңның Басына мен шықтым!», деп. Кейбір сәтте Етегінен қоштасады «Қолбасылар» Әскерімен тұтқын боп... Тәңір жазса – Осы жолды таңдайсың. Әр күн сайын алаң боп, Әр күн сайын Жоқ іздеген жандайсың... Жоқ іздеген пендедей Жолға шығам Ізін кесіп. (Табуға оны құмармын) Мен өлеңнен тұрғыздым, Бұлтпен көрші – мұнар шың.
Нұрхан Сұлтанбайұлы Топанби