Шыңжаң имамдары: "Біздің іліміміз Аллахтан емес"

/uploads/thumbnail/20170708165105867_small.jpg

Қытайда бірнеше жүз имам Шыңжаң автономиялық ауданының орталық алаңында флешмоб ұйымдастырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы World Bulletin-ға сілтеме жасай отырым.

Имамдар мәжбүрлі түрде орталық алаңға шығып, дүйім жұрттың алдында би билеп, "біздің іліміміз Аллахтан емес" деп ұран салған.

Шыңжаң шығыстағы мұсылмандар көп шоғырланған аудан. Алайда ақпанның 9 күні ауданның барлық имамдары бірдей киініп, орталық алаңда еріксіз билеуге, "біздің іліміміз Аллахтан емес" деген ұрандар көтеруге мәжбүр болған. Сондай-ақ, Шыңжаңдағы имамдар билік өкілдеріне енді жастарға дінді оқытпауға уәде беріп, ан-су ішкен. Және алаңға жиналған имамдар құлшылық тәнге де, рухқа да зиян деп ұрандаған.

Қытайдың мемлекеттік ақпараттық агенттіктері Шыңжаң имамдары ерікті түрде орталық алаңға жиналды. Олардың мақсаттары аталмыш флеш-моб арқылы Қытайдың мемлекеттік саясатын қолдап, жаһандану жолында жастарға үлгі көрсетті деп жазады.

Имамдар көтерген ұрандарда "Елдегі тыныштық тек ынтымақтың арқасында келеді" делінген.

Сондай-ақ, дүйім жұрттың алдында сөз алған иамамдар: "Жастар, мешіттерден аулақ болыңдар, себебі құлшылық, намаз денсаулыққа, жастардың санасына зиян." деген. Салауатты өмір салытының нағыз үлгісі би деген имамдар орталық алаңда осылайша жастарға үлгі көрсетпек болған.

Шыңжаңның солтүстік-батысындағы түркітілдес мұсылмандардың саны 8 миллионнан асып жығылады.

Ералы Рахметқожаев

Қатысты Мақалалар