Ресей президенті В.Путин Минскіде өткен "Нормад төрттігі" форматындағы келіссөздердің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. Бүгін Белорус астанасы Минскіде Укриананың шығысындағы қақтығыстарды доғару жөніндегі келісімге қол қойылды. Нормадтық төрттік форматында өткен басқосуға Ресей президенті В.Путин, Германия канцлері А.Меркел, Франция президенті Ф.Оланд пен Украина лидері П.Порошенко қатысты. В.Путиннің мәлімдемесінде 15 ақпаннан бастап Донбасста әскери режим күшін жояды. Ауыр артелериялар шегеріліп, мәселені бейбіт жолмен шешу жолдары қарастырылады делінген. Украинаның шығысындағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер неліктен созылып келді деген сұраққа президент: Ресми Киевтің өзін өзі жариялаған Донецк пен Луганск республикаларын мойындамағанына байланысты мәселені ұзақ уақыт ретке келтіре алмадық деп жауап қайырды.