Балғын Қайырбек: Кореяға бір ұшақ, бес жүз ат сыйлаған Басбайдың ауылынан келдім

/uploads/thumbnail/20170708165133191_small.jpg

Бүгін бізде сұхбатта Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі үздік отыз жас әншінің қатарына кірген, 2010 жылы Пекиндегі ән байқауында алтын медалмен марапатталған, талантты әнші Балғын Қайырбекұлы қонақта. Осы орайда, әншімен болған сырлы сұхбатты оқырманға ұсынғанды жөн көрдік.

1 - «Арғы бет» десе, қойнауынан құт сорғалаған қазақтың құйқалы жері үш аймақтың еске түсетіні шындық. Ал сол киелі өңірлердің бірі, бүгінгі қазақ еліне танымал Бөдешұлы Жәркен жыраудың кешегі туған жері – Жайыры болған Тарабағатай аймағының Шағантоғай ауданында дүниеге келгеніңді естіп білгеміз. Әңгімеге кіріспес бұрын өзің туралы оқырманға кішкене мәлімет бере кетсең... - Ия, рас айтасыз! Мен сол жомарттығымен аты шыққан Шолақұлы Баспай бай өткен өңірденмін. Яғни, 1991 жылы Баспайдай бабасы, басқада данасы бар киелі Барлықтың бауырында, қарапайым малшы отбасында дүниеге келіппін. Бұл жақта сол елдің дәлме-дәл қалай аталатынын білмедім, Қытай елімен көрші Чаущиян деген мемлекетке (Корея мелекеті – автор.) ел болып жаппай көмек атағанда, бір өзі бір ұшақ, бес жүз ат берген Басбай Шолақұлы Бапин жайлы білмейтін қазақ аз еді. Біз сол Баспай байдың жомарттығына таңғалып өскеніміз шын. Ал өзім туралы туған жерімнен артып ештеңе айта алмайтын шығармын.

4 - Мүмкін, бұл да дұрыс-ау, «Әркімнің туған жері – Мысыр шәрі» дейді ғой. Жеке адамның туған жерден артық шындығы болмаса керек?! Алайда әңгімеміз сұхбат жанрында өрбігесін: өзің жайлы тағы да тамтұмдап сұрай отрыруға тура келеді. Бізді қызықтыратыны да – осы өнерге қалай келген едің? - Өнерге келуіме ең басты себеп ол - атамның (ұлы әкемнің) бауырында өскенімнен болар. Ол кісі өнерге жақын адам еді. Ауыл арасында ара-тұра айтысып, күй шертіп ауыл адамдарын өз өнерімен тәнті етіп жүретін. Оның үстіне, бүгінгі күнге қарағанда кешегі «өле жатқан қазақтың баласының» өлеңші болатынын ескерсек, біздің ауыл да өнер атаулыдан кенде болмады. Бәлкім, сол кісіден берілген аз-кем таланттан, бәлкім, сол кісінің ұядан ұшқанда ілерімді дұрыс нұсқап, бағыттай алғаннан болар, әйтеуір, осы өнерге осылай етене болып өскен едім. Тағы бір себептен, мен он бір жыл бойы тек қана Қытай тілінде білім алдым. Яки, өзге ұлттың ортасында өз ұлтымның артықшылығын, әсіре ән өнерінің өзгеден көп озық екенін осы жылдар аралығында әбден ұғынған едім. Ал осы ұлтыма, сол ұлтымның ән өнеріне деген сүйіспеншілік мені бүгінгі үлкен сахнаға жетелеп келген болатын.

3 - Ұлтыма деген сүйіспеншілік демекші, тыңдарман сенің әндеріңнің халық әндеріне көбісінің ирімі, ішкі ырғағы халық әндеріне жақын екенін айтады. Жалпы бүгінгі әнші біткен жаппай эстраданың аудиториясына, той әндерінің тыңдаушысына жүгірген осы бір өнердегі өліара тұста сенің «ағысқа қарсы жүзуіңнің» қандай қисын-қисабы бар? Өзгелер сияқты тыңдарман таппай қалудан қоықпайсың ба? - Енді қазақтың қара қоста туылып, қар суына жуынып, қайыс белбеу буынып өскен өскелең ұлы ретінде; даланың даңқы, бабаның салтын жаттаған ұрпақ ретінде елге етене болу борышым деп білемін. Сонымен бірге, біздің аудитория – Қытай еліндегі қазақтардың әліге салт-дәстүрі, ғұрып-әдеті толықтай сақталғанын ескерсек, ол жақта халық әндеріне деген сұраныс әлі жойыла қоймаған. Тіпті қазақ еліндегі бүгінгі тыңдарман да күні ертең түп тамырына тартып, дәстүрлі әндерді де көбірек тыңдайтын болады деп сенемін. Ал тыңдарманның «таппай қалу-қалмауына» келсек, әнші ретінде, қазақ деген ұлттың өнерпазы ретінде өзіңді жоғалтып алмасаң, тыңдарман сені қай уақытта да таба алады.

5 - Ия, оның рас-ау! Сосын ғой, сенің «Махаббат назы» атты ән кешіңе көп адам жиналды деп естігеніміз. Осы ретте әнші атаулыға қойлатын дәстүрлі сұрағымызды қойсақ: аталған кешті халық қалай қабылдады? Танымал өнер жұлдыздарынан кімдер болды? - Сұрағыңыз орынды. Сіз айтқан кеш өткен жылдың қыркүйек айында, Алла сәтін салып, өзімнің туған топырағым Шағантоғай ауданында «Махаббат назы» деген атпен берілген еді. Кеш қонағы болып сол жақтағы Қытай қазақтарына кең танылған, адуынды айтыскер ақын Ержанат Байқабайұлы, эстрада жұлдызы Ахметжан Рабжанұлы ағамыз, кезінде осы жақта «Ғасыр» тобының құрамында болып елге танылған Жақсыбек Қалелбек дейтін әнші алдыңғы буын ағамыз бар біраз ағаларымыз осы кеште қонақта болды. Бұл орайда, осы кештің өтуіне бір кісідей көмек қолын созып, азаматтық танытқан Қытай еліндегі сатираның саңлағы атанған танымал әзіл-ысқақшы Қуантай Зақанұлы мен Құрмет Париолла дейтін ағаларымызға, соны қатар Тарбағатай аймақтық телевизиясынан Ермұрат Қызыкен дейтін ағамызға өз алғысымды білдіре кеткім келеді. Менің «Махаббат назы» атты кешімнің дүркіреп өтуі осы кісілердің арқасы деп білемін. Сосын да тыңдармандарыма да алғыстан басқа айтарым жоқ!

https://www.youtube.com/watch?v=kRhb7MyCCM8

- Әрине, бір жағынан алғысыңыз осы сұхбат арқылы сол қамқоршы азаматтардың мерейін бір өсіріп тастса, енді бір жағынан «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» деген қазақпыз ғой. Бұған қарағанда дем берушілеріңіз көп екен. Ал демеушіңіз (продюсер) кім болды екен? - Жасыратыны жоқ: менің бірден бір демеушім – әкем (күліп алды). Сол кісі мені қаржылай қамтамасыз етіп, алдағы жоспарларыма бағыт-бағдар беріп отыратын. Өз әкеңнің өзіңе демеуші болғанының бір жақсы жері - қайда барам демейсің. Бәрін баласы үшін істейді әрі еркінірек боласың. Әйткенмен, болашақта мықты-мықты демеуші азаматтар тарапынан ұсыныс түсіп жатса, ол жайлы да ойлануға дайынмын. Өйткені, «Жалғыздың шаңы шықпас» деген бар ғой. Демеушіңнің көп болғанының несі жаман?

http://qamshy.kz/wp-content/uploads/2015/02/Kuni-edi-makpal-mamirding.wav

- Сенің атың аталғанда сол Қытай елінде «Шағантоғай» әні еске түсетін көрінеді. Оның бер жағында, осы қазақ елінен барған кей әншілер де сол әнді шырқағаны бар деп жатады. Бұл әннің әні де сөзі де сенікі деген сөз бар. Осы рас па? Тағы да ән қоржыныңда қандай жаңа әндер бар? - Азат әшімбайұлы ағамыз айтқан ғой: «Жер дегенің жүрегі ыстық бақ мекен, жер жемісі бар пиғылдан тәтті екен. Шымырлайды қара жердің құйқасы – жебе тиіп жардан ұшса ақ бөкен» деп. Туған жердің топырағы расында ыстық. Мектеп құшағында жүргенде өзімнің туған топырағымды сағынып жазған алғашқы әнім болатын. «Махаббат назының» сөзін жазған Бақнұр Дүйсенәліқызы дейтін ардақты әпекеміз бар. Осы кісінің өлеңдері жүрегіме жақын. Сол кісінің екі өлеңіне жаңадан ән жаздым. Біреуі «Күні еді мақпал мамырдың», енді біреуі «Іңкәр сезім» деген ән. Бұл әндер жуық арада тыңдармандарыммен қауышатын болады.

https://www.youtube.com/watch?v=lQOjDsVSHpk

- Енді бұл жолғы қазақ еліне сапарың туралы айта кетсең, Атажұртқа ат ізін салып, Алатау баурайындағы бұл Алматыға келуіңе не себеп болды? - Әуелі ести-ести өзек талған Атамекенді өз көзіммен көріп қайтқым келді. Әдетте мұны «Мың естігеннен бір көрген артық» дейді ғой. Атажұртты алғаш көргендегі, анығы – осы сапарымдағы алған әсерім тым көп. Елмен қауышып, жермен қауышып, мауқым бір басылғандай. Тағы бір себеп – Алматы мәдениеттің, өнердің ошағы іспетті. Мұнда қазақ руханиятының көп мықтылары көсіліп өткен. талай аламанның дүбірі болған. Сол үшін де бүгінгі қазақ өнерінің Алматыдағы бет-бейнесін көргім келді. Әрі сол ортаны көріп-біліп, көп тәжирбе жинаған әніш аға-әпкелерімнен бағыт-бағдар алсам деп келген жайым бар.

2 - Қазақтың ертегі бір дәстүрімен қаншалаған уақыт жақынынан қол үзіп қалған ағайын болып, Атажұртқа ат ізін салған қадамың саған да құт әкелсін дейміз! Тағы да шеттен келген ағайынға қоятын дәстүрлі сұрағымыздың реті келіп тұрған сыңайлы: ат ізін салу бар да, Атажұртқа ат басын тіреу бар ғой? - Жасырып қайтейін, бұл жолғы бірден бір мақсатым да қазақ еліне келу. Әрине, келудің де біраз тәртібі бар ғой. Ауыл үй аттап қонсаң да өз әуіресі бар дегендей. Оның қасында бір елден бір елге біржола бет бұрып, қоныс аударудың да өзіндік қиыншылығы бар. Өткенде осы «Қамшы» опрталы ұсынған бір ақпаратта шеттегі Қытайдағы қазақтардың 90 пайызы көшіп келуге ынталы екені айтылды ғой. Сол тоқсан пайыздың ішінде бізде бармыз. Алла бұйыртса, Атамекеннің де дәм-тұзы тартады деп сенеміз.

https://www.youtube.com/watch?v=wDzJhCfyXos

- Бәрекелді, Балғын бауырым! Жаңа сөз арасында осы сұхбатты ұйымдастырып отырған «Қамшы» порталы туралы айтып қалдың. Қазақстандағы сайттар ол жақта оқыла ма? - Әрине, оқылады. Бірақ біз ойлағандай қолжетімді емес деуге болады. Ал «Қамшы» сайтының жайы бөлек. Себебі, бұл сайтта тіке әріп алмаса алатын, төтеше жазумен де оқи алатын мүмкіндік болғандықтан ол жақта көп оқылады. Бұндай мүмкіндік басқа бірнеше сайттарда да бар. Мен осы сайт туралы алғаш рет Қытайдағы кең таралған «Шалқар» сайты арқылы танысқам. Сол сайтты басқарып отырған Шалқар есімді жігітпен жақсы араласып тұрамын. Бір қуанарлығы сол сайт қазақ еліндегі барлық жаңалықты «Қамшы» сайты арқылы төтешеге айналдырып, Қытайдағы қазақтарға үздіксіз жариялап келеді.

http://qamshy.kz/wp-content/uploads/2015/02/Sngarim.mp3

- Биыл қазақ елінде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланғалы жатқанын естіген боларсың. Оыс бір ұлық мереке тұсында қазақ еліне нендей бір лебіз айтқың келеді? - Шынында қуанарлық жағдай! Бойында қазақ дейтін ұлттың қаны тулаған әр бір қазақтың қуанышы бұл. Осы ретте мен сұхбат барысындағы өз мүмкіндігімді пайдаланып, Тәуелсіз Қазақ еліне «Ұлық мереке құтты болсын!» дегім келеді. Әрі еліме амандық, жұртыма тыныштық тілеймін.

10460413_267306726797630_1563585697757296637_n

Сұхбаттасқан – Ерлан Төлеубай

Қатысты Мақалалар