Қазақтан тағы кімдер суицид жасады, Жарлықасын мырза?

/uploads/thumbnail/20170708165137453_small.jpg

Кезінде өзінің көптеген әндерімен тыңдарман қауымның алғысына бөленген сазгер Жарлықасын Дәулет бүгін  тыңнан бір түрен салғандай, қазақ эпосын жастарға дәріптеуге болмайды деп мәлімдеді.   "Асыл арна" теле арнасына берген сұхбатында сазгер жастар арасында ғашықтар күні  аталып кеткен Валентин күнін тойлауға байланысты:  "Валентин күні – халықты  азғындыққа шақыратын мейрам. Оны біреулер «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» деп өзгертіпті. Жапалақты таспен ұрсаң да, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өлмей ме? Өзіңіз ойлап көріңізші, Қозы Көрпеш, Баян сұлу деген кімдер? Қозыны Қодар өлтіріп тастаған соң, Баян да өзіне қол жұмсап өлді де, бір молаға кірді. Өзін-өзі өлтіріп, жаназасы шықпай, бір молаға жатқан адамды кімге үлгі қылып отырмыз", -деген.

Қазақ фольклорының  көркем де құнды саласы – эпостық жырлар екені екі жасар балаға да мәлім. Эпос деп оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен эпикалық жыр–дастандарды айтатын болсақ аузымызға бірінші осы "Қозы көрпеш-Баян сұлу" түсетіні тағыы рас. Ал сазгер болса аталмыш сценариидегі барлық эпостық жырлар жастарды суицидке тәрбиелейтіндіктен оларды мүлде оқытпау керек екен-мыс. Сонда әдебиетіміздің классикаларының бірқатары, мысалы, "Қозы көрпеш-Баян сұлудағы" Баян,  "Бақытсыз Жамалдағы" Жамал т.б түкке тұрғысыз дүнелер боп қалғаны ма?

Қатысты Мақалалар