Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мүшәйраға
Тәуелсіздік ардағым , жүрегі айдын, Мынау саған айтатын өр шындығым. Құрып кетсін, төзбеспін, жүре алмаймын, Жер басып сенсіз бір күн. Тәуелсіздік, қымбатсың осы ала таң, Бойда болар сен барда тірек, сенім. Жүрмін жайып Аллаға қос алақан, Бүтіндігін іргеңнің тілеп сенің. Тәуелсіздік бақытым, қасиеттім, Шуағыңның төге бер көпке нұрын. Мейлі, мейлі жүздеген ғасыр өтсін, Тұра берсін желбіреп көкте туың. Тәуелсіздік сен алар асқар алда, Бола білген өзгеге жанқияр бауыр. Зәбірі жоқ ел едік басқаларға, Бізге пана бола гөр алдияр тәңір. Тәуелсіздік аңсарым, жарқын, құтты, Бақытымсың қашан да күлімдеген. Нәсіп етіп маңдайға татулықты, Қақ періштем мезгілсіз бүлінгеннен. Тәуелсіздік ғұмырым, тағдырымды, Алауланып бастадым сенде үмітпен. Кешір күнім білмесем қадіріңді, Кейбір шақта желпініп пенделікпен. Тәуелсіздік қорғаштап ием сені, Ризамын жанайын отқа қанша. Тәуелсіздік жарқыным сүйем сені, Шыбын жанның сағаты тоқтағанша. Арыма тиме, абайла Ұлтыма болсаң жау, дұшпан, Тарихын өткен елемей. Тиегі сүйек адырнадан ұшқан, Қадалам саған жебедей. Алсаң да киіп кіреуке, Ажалың менен бәрібір. Баулыған мені бұл өлке, Сомдалғам солай тәні мір. Ожданым жасын, найзағай, Жауларым қалған именіп. Намысым өткір найзадай, Кетерсің, байқа, түйреліп. Бабасы қаған, Білге бек, Тау - тасқа жазған сан дастан. Тастаймын, байқа, тілгілеп. Ашуыма тиме Алдаспан. Кім екенін ұқсаң тегімнің, Дәуірлер өткен мыңдаған. Табанға тисе тебінгім, Тебіреніп салар дүр далам. Садақа болған еліне, Ерлері адал, ділі кең. Тартпасаң бізде тегіңе, Жұмыртқасың шіріген. Болғанмен саны аз-ақ, тым, Дәстүрін, салтын, жолды ұққан. Жаны бар әрбір қазақтың, Майдангер болатыны сондықтан.
Мұқият Қойшыбайұлы – 1984 жылы 2 маусым күні ҚХР, Іле Қазақ автономиялық облысы, Текес ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Атамекенге оралған. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ тәмамадаған. Қалалық, облыстық жыр бәйгесінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазіргі таңда Арқалық қаласындағы облыстық «Дала өлкесі тарихы» мұражайының ғылыми қызметкері.