Қазақтың қарасы артса, аюға пысқырмаймыз

/uploads/thumbnail/20170708165138669_small.jpg

Елбасымыздың кешегі тағанақ кеңесте айтқан "Біз Ресеймен бірге өркендейміз..." деген пікірін жұрт жапа-тармағай сын тезіне алып жатыр. "Ойбай, мынадан кейін орыс басқа шығып кететін болды" деген резервациялық ұлтшылдық қылаң беруде. Этатистік мемлекет боламын деп мақсат қойған ел үшін ұлтшылдық қашанда керек. Сондықтан, марғау билікті ұлттық мүддемен санастыру үшін белгілі бір деңгейде ұлтшылдық ойындардың жасалғаны дұрыс-ақ. Дегенмен, кейде байбаламшыл мінез саяси көрсоқырлыққа ұрындырып жататынын да қаперде ұстасақ. Менің жеке пікірім: "Көлігің көпірден өткенше ешкіні - апа, текені - жезде" деуге мәжбүрміз. Теріскейдегі жоғымызды түгендейік, қазақтың қарасы артсын. Әл-ауқатымыз һәм әскери күшіміз жетілсін. Одан кейін аждаһаның айбат шеккеніне, аюдың ақырғанына пысқырмауға да болады.

Мұқан Исахан, (Facebook парақшасынан)

Қатысты Мақалалар