Зайсан ауданында ән асқақтап, күй төгілді

/uploads/thumbnail/20180302121416992_small.jpg

Шығыс Қазақстан облыстық  Әміре Қашаубаев атындағы  мемлекеттік филармониясы Зайсан ауданына гастрольдік сапарда болып қайтты. Филармония ұжымы әуелі Шілікті және Кеңсай ауылдық округтеріне ат басын бұрып, жергілікті халықты ән-күймен сусындатты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен қатар өнерпаздар Дайыр жән Қаратал ауылдық округтеріне барып,  тұрғындарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Аталған елді мекендегі ағайын концерттен көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Зайсан

27 ақпанда өнер ұжымы Сарытерек ауылдық округі тұрғындары үшін өнер көрсетіп, халықты рухани байытып, көңілдерін серпілтті. Дәл осы күні өнерпаздар Зайсан қаласында орналасқан аудандық мәдениет үйінің сахнасын да әсем ән, күмбір күйге бөлеп, гастрольдік сапарларын қорытындылады.

Зайсан

Кеш соңында  аудан әкімі Темірбек Қасымжанов Зайсан ауданының тұрғындары атынан   халқымыздың рухани және мәдени кемелдеуіне қосқан үлестері үшін алғыс білдіре отырып,  толағай шығармашылық табыстар, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр сарқылмас бақыт тілей отыра,  филармония ұжымына алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс  етті.

Зайсан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар