Әблязовтың алаяқтығынан кімнің қатты зардап шеккені белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170810173653118_small.jpg

Америкалық журналист Стивен М.Блэнд Мұхтар Әблязов туралы зерттеу жүргізген.   Ол  Әблязовтың алаяқтық әрекеттеріне қатысты сот процестері Лондон, Лос-Анджелес, Нью-Йоркте өткенін жазады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме беріп жазады.

Ұлыбритания соты да Әблязовты және оның күйеу баласы И.Храпуновты сотқа берген.

Қазіргі уақытта Францияда тұрып жатқан Әблязов «Ашық диалог»  қоры сияқты  мемлекеттік емес ұйымдар арқылы өзінің қуғынға ұшырағанын айтып «зар илеп отыр».

Бұл жағдайда нағыз жапа шегушілер өзінің зейнатақысының жоғалғанын білген  қазақстандық зейнеткерлер, Алматыда қаржысын жылжымайтын мүлікке инвестициялаған 30 мыңға жуық тұрғын үй сатып алушылары болды дейді автор.

БТА Банк 1,4 млрд АҚШ доллар қайта қалыпқа келтірілді деп мәлімдеген болатын. Алайда сот іс-қағаздарында кем дегенде 100 млн. фунт стерлинг көрсетілген. Соңғы бағалау көрсеткіші бойынша, Мұхтар Әблязов барлығы 10 млрд АҚШ долларын ұрлаған деп есептеліп отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар