Елімізде қашан күн жылынады?

/uploads/thumbnail/20180130084442597_small.jpg

Қазақстанға еліміздің аумағы арқылы  қатты жылдамдықпен өтетін суық антициклон ауысты. Республиканың солтүстік бөлігінде өткен тәулікте ауа температурасы 3…8°С дейін түсіп, климаттық нормадан төмен болды. Сол себепті сенбіде солтүстік, орталық және шығыс облыстарда аяз болады.  Жауын-шашынсыз, температурасы нормадан төмен ауа-райы күтілуде. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

4-5 наурызда  Қазақстанға  Ресейдің Еуропалық бөлігі мен Каспий теңізінен келетін циклондар температураның жоғарылауына әсер етеді. Соларға байланысты, жексенбіде республиканың басым бөлігінде күрделі ауа райы сақталады, жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтілуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар