Ердоған Елордаға не үшін келмек?

/uploads/thumbnail/20170708165217796_small.jpg

Кеше Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев  Түркияның кеден және сауда министрі Нуреттин Жаныклымен кездесті. Бұл туралы Qamshy.kz порталы хабарлайды "Kazakistan haber.tr " сайтына сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында екі жақтың өкілдері де қазаіргі таңдағы Қазақстан мен Түркия арасында ынтымақтастықтың жоғары деңгейге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы импорт және экспорт айналымының көрсеткішін арттыру үшін қолда бар ресурстардың толықтай пайдалану мәселелерін сөз етті.

Қазіргі экономикалық тұрақтылықты сақтап, өзара байланысты арттыру  үшін  екі елдің кедендік бақылау жүйсін бір платформаға енгізу, өзара тәжиірбие алмасу секілді бірқатар мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар түрік министрі Н.Жыныклы Түркиян президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің қазақстандық әріптесімен екі ел арасындағы бірқатар мәселелерді талқылау мақсатында ресми Астанаға келетінің мәлімдеді.

Түркияның Кеден және сауда министрі Нуреттин Жыныклы "Қазақстан-Түркіменстан-Иран" теміржолы іске қосылса Қазақстан мен Түркия арасындағы импорт пен экспорт арта түсетінін айтты.

Жуырда ғана Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглының  Қазақстандағы Түрік лицейлерін жабу туралы ресми мәлімдемесіне ҚР Білім және ғылым министрі жауап ретінде Қазақстандағы аталмыш мектептердің жабылмайтынын айтқан болатын. Сонда да ел ішіне тараған қауесет әлі өз күшін жойып үлгермей жатып, Түрік президенті Қазақстанға келетінін мәлімдеді. Ердоғанның Елордаға бұл сапарының астарында не жатыр екен?

Ералы Рахметқожаев

Қатысты Мақалалар