Қазір үкіметте оңтүстіктегі қазақстандықтарды жаппай солтүстікке көшіру мәселесі талқылануда деп хабарлайды
Qamshy.kzпорталы. Қазақстандықтардың ұлы көшін қайта тірілтуге соңғы жылдары солтүстік тұрғындары санының күрт азаю себеп болған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде арнайы заң жобасы әзірленуде. Қазіргі таңтағы ресми статистика көрсеткендей Қазақстанда жылына 300 мың адам басқа облыстарға, аудандар мен жергілікті мекендерге қоныс аударады екен. Енді осы көші-қонды бір ретке келтіру үшін министрліктегілер арнайы заң жобасын әзірлеуде. Бұл мәселені қазір қолға алмаса, алдағы уақытта солтүстік қазақстандықтардың саны 1 миллион адамға қысқарып, керісінше оңтүстіктің тұрғындары бірден 5 миллионға өсуі мүмкін. Сондықтан Қазақстанның әр аймақтарындағы дисбалансты реттеу үшін әзірленетін заң жобасы маңызды болмақ. Ескерте кетерлік бір жайт, тұрғындардың еркінен тыс, күшпен ешкімді көшірмейді. Жаңа әзірленетін заң жобасында ерікті көшуге келіскен адамдарға түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілді жұмыс орындары, мектеп бітіруші түлектерге ЖОО түсу мүмкіндіктері, сондай-ақ, баспана мәселелері қамтылған. Сондай-ақ, шет елден атажұртқа келген қандастарға "оралман" куәлігін алу жеңілдіктері де қарастырылуда. "Біз бірінші кезекте ешкімді қинап көшірмейміз. Өз еркімен қалаған адамдарға тұрақты жұмыс,баспана, әлеуметтік жеңілдіктермен толықтай қамтамсыз етеміз,"-дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Тамара Дүйсенова.