Елорда көшелерінің біріне "Адамзаттың Айтматовы" атанған жазуы Шыңғыс Төреқұлұлының есімі берілетін болды. Бұл туралы Qamshy.kz порталы Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Алдағы уақыттардың бірінде Қазақстанның бас қаласында әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың атымен аталатын көше пайда болады,"- деп "Қазақстан Ассамблеясы: құрылдың тарихи маңыздылығы ата жиында "Қырғызстан-Астана" этномәдени бірлестігінің жетекшісі Шавқат Исмаилов мәлімдеме жасады.
-Айтматовқа Астанада көше беру мәселесі Үкісетте бекітілген. Тек Әділет министрлігінің тіркеу туралы куәлігі ғана қалды. Көшенің ашылуы рәсімі салтанатты түрде өтетін болады. Бұл бауырлас екі елдің ынтымағы мен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жазушыға деген үлкен ықыласты жүрегі деп түсінемін-деді Ш.Исмаилов.
Кейбір деректерге сүйенсек, бір ғана Астананың өзінде 6 мыңға жуық, жалпы Қазақстан бойынша 27 мыңнан астам қырғыз диаспорасы тіркелген екен.
КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері Шыңғыс Төреқұлұлының "Алғашқы ұстаз", "Қош бол, Гүлсары", "Ғасырдан да ұзақ түн" секілді танымал шығармалары жазушыны әлемге әйгілі етті. Жазушы көзі тірі болса биыл 87 жасқа толар еді. Шыңғыс Айтматовтың тек қырғыз әдебетіне ғана емес, қазақ әдебиетінің кемелденуіне қосқан үлесі зор.