Nike бауы өздігінен байланатын аяқ киім шығарады

/uploads/thumbnail/20170708165304277_small.jpg

Спорттық тауарлар шығаратын Nike компаниясы биылғы жылы өздігінен байланатын аяқ киім жасап шығарады.

Бұл туралы Nike компаниясындағы инновациялық бөлімнің жетекшісі Тинкер Хетфилд хабарлады. Оның айтуынша, аяқ киімнің өздігінен бауын байлау технологиясы өткен жылы патенттелген. Ол үшін аяқ киімнің табанына арнайы құрылғы салынады. Сонымен бірге оның жарықтандырғыш құрылғысы да бар. Хетвилд өнімнің қай уақытта шығатыны туралы және оның бағасы қандай болатындығы туралы мәлімет бермеді, деп жазады шетелдік БАҚ.

ҚазАқпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар