Хакерлер әлем бойынша банктерден 300 млн доллар ұрлаған

/uploads/thumbnail/20170708165303336_small.jpg

«Касперский зертханасы» бірнеше елдің хакерлері қатысқан кибер алаяқтықты анықтады, деп жазады NYT. Шоттардан әлемнің 30 еліндегі 100-ден астам банк клиенттерінің 300 млн доллары ұрланған. 

«Касперский зертханасы» 2013 жылдың соңында банк ұрлықтарын зерттеуге тартылған болатын. Анықталған алаяқтық тарихтағы ең ірі банк ұрлығының бірі болуы мүмкін. Хакерлер жалған шоттарды қолдана отырып, Ресей, Жапония, Швейцария, АҚШ және Нидерланды банктері клиенттерінің миллиондаған долларын жымқырған екен.

NYT мақаласына сәйкес, «Касперский зертханасы» 300 млн доллардың ұрланғанын дәлелдеп шыққан. Компанияның мәліметінше, ұрланған қаржы бұдан үш есе көп болуы мүмкін. Зерттеуде әлемнің 30 еліндегі 100-ден астам банк пен өзге де қаржы институттарының клиенттері хакерлердің құрбанына айналғаны айтылған.

Bnews.kz

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар