Белгілі әнші Маржан Арапбаева екінші сәбиін дүниеге әкелді. Әнші бүгін таңғы сағат 6.30 да қызды болды. Сәбидің бойы 53 см, салмағы 3.180 кг. болып дүниеге келіпті. Өнер иесінің тұңғышы да қыз еді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Маржан Арапбаева тұрмысқа шыққан болатын. Жылқы жылында сыңарын тапқан әншінің жолдасы — полиция қызметкері. Есімі — Ербол. Өткен жылдың тамыз айында дүрілдетіп үйлену тойларын жасаған болатын. Қазір әнші отбасымен бірге Астана қаласында тұрады.
Ендеше сәбидің бауы берік болсын!![71094](/uploads/image_news/20170708165259584.jpeg)
Пікір қалдыру