Шыңғысханның тегі кім? Өзі кім? Бұл сұрақ қашан, қайдан басталып, қашан тоқтары белгісіз. Кімдер оған таласпады, әркім өз болжамын айтып әуре. Кеше ғана бауырлас ұйғыр ағайындардың бір мақаласын оқыдым. Онда біреулері «ол қазақ болуы мүмкін деп дәлелдесе, біреулері негізі сол замандағы Керей деген ру ертедегі ұйғырлардан қалған жұрт, ол сол елден деп өздеріне тартса, біреу жоқ ол шынында моңғұл деп пікір жазады». Әйтеу бұл тақырып қозғалса болды «ие» көбейе кететіні бар. Негізі талас түйіні қазақ пен мұңғұл ортасындағы бұл дау бүгінде әлемдік деңгейде сан мәрте талқыланды. Тарихи, ғылыми тұрғыдан жазылымаған жазба, айтылмаған әпсана қалмаған шығар.
Мен тарихшы емеспін, бірақ тарихтың толқынында өмір сүріп жатырмын. Сондықтан бұл сұрақты басқа қырынан қарастырып көрдім. Яғни жебірейше (еврейше). Өз қандастарын отанына оралуыына жол ашып жатқан төрт мемлекеттің бірі осы жебірей елі болса, бірі біз – Қазақ елі. Бізде шешесі кім екендігіне қарамай, атасы қазақ болса, баласы да қазақ болып шежіреге де, куәлікке де солай жазылады. Ал жебірейлер аналық қауым ретінде әкесі еврей шешесі басқа болса ол еврей деп санамайды да, шешесі еврей әкесі кім болса ол болсын оған еврей ретінде Израиль азаматтығы беріледі. Бұл «бұқа кімдікі болса болсын, бұзау өзімдікі» деген әңгімеге саяды. Бұл салттың өз шығу тарихы бар шығар. Алайда біздің ата салтымыз халқымыздың аналарымызға деген сенімділігінің өте жоғары екендігін, бүгінгі мысқылмен айтқанда «көршілердің баласы» болмағанын дәлелдей түседі. Аруағыңнан айналайын ата-бабамыз қыз баланың ары – берісі тұтас бір ауылдың, арысы ұлттың ары-намысы санаған-ғой. Бірді айтып бірге кетпей енді тақырыптың тұтқасы Темірші ханға келейін. Шыңғысханның шешесі Ұлун, құдай қосқан қосағы Бөрте Жиделі байсын жерінің, Қоңырат деген елінің қызы (бір тарихшылар шешесін Меркіт қызы деп жүр) енді жебірейше ойласаңыз; Шыңғысханда одан тараған ұрпақтарда Қоңырат, ал Қоңырат-қазақ руы. Екіншіден, әйелі өзге ұлт болған қарапайым қазақтан тартып, ұлт қайраткерлері саналатын аралас некелі ардагерлеріміздің көбісінің бүгінгі ұрпақтары анасының тілінде сөйлеп, сол ұлттың басымен ойлап жүр. Осыған қарап отырып, Шыңғысхан және оның ұрпақтары бойында қоңырат қаны бар ақсүт беріп өсірген анасының тілінде сойлемеді деп кім айта алады. Сонымен бұл Шыңғысханның түркі тектес тайпадан шыққанын дәлелдей түсетін тағы бір мысал.
Әлібек Ыдырыс
Пікір қалдыру