"Қазақ хандығының 550 жылдығына" арналған ресми логотип шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.
Шаңырақ – мемлекеттің түп-негізі – отбасының бейнесі.
Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі делінген логотип туралы түсініктемеде.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп-өркендеудің және өмірдің белгісі. Күн – уақыт, замана бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран ҚР-ның еркіндік сүгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Көк түс және оның түрлі реңкі адалдық, сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді. Ежелгі түркі тілінде “көк” сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Көк түс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Көгілдір түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттілікке ұмтылған ниет-тілегінің тазалығын, асқақтығын көрсетеді деп қорытуға болады.
Пікір қалдыру