Ресми Астана 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартты. Бұл туралы Qamshy.kz порталы хабарлайды.
2022 жылы Олимпиада ойындары Қазақстанда, Астана және Алматы қалаларында өткізіледі деп жоспарланған. Алайда, Олимпиаданы өткізуге ресми Астана қатыспайтын болды дейді "Алматы 2022" Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті вице-президенті Андрей Крюков.
Ал осы сенбі күні ХОК (Халықаралық олимпиада комитеті) мүшелері Олимпиада ойындары нысандарын, дайындық жұмыстарын бағалау ісіні кірісіп те кеткен.
2014 жылдың желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Олимпиада ойындарын өткізу құқығы Қазақстанға берілетін болса, екі қалада бірдей өткізуіміз керек. Қалалардың арасы 1,2 мың шақырым болғанымен, бұл ешқандай кедергі келтірмейді деген болатын.
Қазіргі таңда Олимпиада ойындары өткізілуі тиіс 14 нысанның 8-і қолданысқа толығымен дайын. Тағы 3 бірдей нысан 2017 жылы қолданысқа берілетін болады.
Халықаралық олимпиада комитетінің бағалау комиссиясы мүшелері наурыз айының 24-28 аралығында Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер екінші қала - Бейжіңге аттанады. Ал, Олимпиада ойындарын өткізу құқығының қай қалаға берілетіні 31 шілдеде Куала-Лумпурда өтетін Халықаралық Олимпиада Комитетінің кезекті сессиясында белгілі болмақ.
Пікір қалдыру