Семейде кейуана 40 жастағы баласын арнайы адам жалдап өлтірген. Бұл туралы Qamshy.kz порталы YK.news.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
ШҚО, Семей қаласының тұрғыны күйеуімен бірге өзінің бірінші некесінен туған 40 жасар ұлын өлтіруге адам жалдаған. Тапсырманы орындаушылар (киллер) әуелі нысанды ұрлап, ел көзінен жасырын жерге апарып, азаптап өлтірген.
ШҚО мамандандырылған ауданаралық соты қанішер ананы 19 жылға, оның жұбайын 10 жылға бас бостандығынан айырып, қатаң режимді түзету колониясына жіберуге шешім шығарған. Ал, тапсырманы орындаушы жендеттерді 18 жылға темір торға тоғытуға үкім етілген.
Сот отырысы кезінде қанішер ана Алевтина Иванова баласының соңғы кездері нашақорлыққа салынып, өзінің екінші некесінен туған, кәмелет жасқа толмаған қызына зорлық көрсеткенін, үнемі ақша талап етіп, ішімдікке салынып, өзіне күш қолданғандығымен ақталған.
Алғашқыда Иванованың ұлы Сергей анасымен бірге тұрған. Кейін, ол баспананы өзіне қалдыруын талап еткен. Күнделікті ұрыс-керістен шаршаған әйел арнайы адамдар жалдап, шектен шыққан ұлын тәртіпке салмақшы болыпты. Тіпті, күйеуі үш жігітті жалдағанымен нәтежиесіз болған. Ақыры амалы қалмаған әйел ұлын өлтіруге шешім қабылдап, жендет жалдайды. 150 мың теңгеге келіскен жендеттер Сергейді ауылдан 12 шақырым жерге апарып, аяусыздықпен өлтірген.
Пікір қалдыру