Павлодардың "Ішкі саясатына" сыртқы саясат әсер ететін сияқты...

/uploads/thumbnail/20170708165346106_small.jpg

Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бауыржан Капенов пен облыс тұтынушылар одағының тең төрағасы атанып жүрген Юрий Павленконың іс-әрекеттері Ертістің Кереку өңіріндегі шығармашыл қазақ зиялылары мен қоғам белсенділерінің наразылығын тудырды. Бауыржанның қазақшасы да, қазақшылығы мен саяси біліктілігі де шамалы. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі басшысы болып тұрғанында тележурналистің Ленин көшесін атауын ауыстыру жөніндегі сұрағына, «Тұра берсін, кімге кедергі келтіреді!», - деп орысша дүңк етіп жауап қайтарғаны әлі ұмытылған жоқ. pavlodar

Юрий Павленко болса кезінде «Лад» ұйымының әсіре белсендісі ретінде Ермак қаласы атауын қазақшаға ауыстыруға, Кеңес одағының батыры Махмет Қайырбаевтың есімін Тургенов көшесіне беруге қатты қарсылық көрсеткен еді. Бертін ҚХКП белсендісі ретінде облыста коммунистік идеологияны жүргізуге атсалысты. Осындай іс-әрекеттерімен аты шыққан Капенов пен Павленко табан астында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына - 25 жыл» медалының иегерлері атанды!.. Сөйтіп, қозғалыстың нағыз белсенділерінің еңбегін иемденіп, Олжас Сүлейменовтың өзін алдап соққанына титтей қымсынған жоқ! Облыстың ішкі саясат басқармасының басшысы мұндай болғанда, кеңестік кезеңді көксеушілер қандай болмақ?.. Олар негізінен БАҚ саласында, қоғамдық ұйымдарда жүр. Украинаның Ресеймен шекаралас өңіріндегі қазіргі жағдай Қазақстанның Ресеймен шекаралас біздің өңірде күні ертең орнамасына кім кепілдік береді? Бір білетінім, Капенов пен Павленко кепілдік бермейді! Осы орайда облыс басшысы Қанат Бозымбаевқа бағыттаған жария хатыма жауап жоқ. Бәлкім жергілікті шығармашыл қазақ зиялылары мен қоғам белсенділерінің сөзі облыс әкіміне жетпейтін шығар... Жетсе аймақтағы қиюы кете бастаған идеология саласын түзетуге аймақ басшысы қандай да бір шара қолданар еді ғой... Солай десек те, жүрегіміз қан жылап тұрып: «Еліміз аман, жұртымыз тыныш, егемендігіміз баянды болса екен» деп тілейміз. Бұл тілегіміздің Тәңірге жетуі мүмкін...

Арман Қани

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар