Алматы облысында алғыс айту мерекесі тойланды

/uploads/thumbnail/20180324214455924_small.jpg

2018 жылдың 1 наурызда Қазақстан заңгерлер одағы мүшелерімен Энергетик ауылдық округі әкімдігімен бірлесіп, қоғамдық ұйым өкілдерінің, нотариустар мен адвокаттардың қатысуымен «Алғыс айту күні» өткізілді.

Бұл айтулы күн 2016 жылдан бастап қазақ жерінде тойлануда. Мәселен, осы жылы 20 ақпаннан бастап облыс аумағында декада жарияланды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша барлық аудандар мен қалаларда «Қайырымды Ел» жалпы республикалық акциясының аясында 527 қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Онда 2433 адамға жалпы 24 689 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Алғыс айту күні – әр этнос өкілдерінің қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқымызға терең тағзымының белгісі, тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні.

Іс-шараның  мақсаты - мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында түсіндіру жұмыстарын  жүргізу.

Сонымен қатар, жалпы республикалық “Қарттарым-қазынам” қайырымдылық концерті, “Тату көршілер” акциясының аясында “Қайырымды көршіге рахмет” шарасы, “Медиация орталығының” ашық есік күндері, білім беру мекемелерінде сынып сағаттары, ашық сабақтар, эсселер, суретшілер байқауы, денсаулық сақтау мекемелерінің “Салауатты Ел – болашақ негізі” ашық есік күні, этномәдени бірлестіктердің жастарының аға буын өкілдерімен “Алғыс арқалаған жандар” тақырыбында кездесулер өтіп жатыр.

Іс-шара барысында күрделі заманда қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарына құрмет айтылды,  аталған мереке қазақстандық бірлік пен бірегейліктің, қоғамдық келісімнің, біріктіруші жалпыұлттық тарихи сананың нығаюына ықпал ететіні сөзсіз.

«Халқымыз қашан да «ырыс алды – ынтымақ» деп баса айтқан. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған барлық деңгейдегі шараларға әрдайым ақпараттық қолдау танытып жүрген сіздерге де алғыс айта отырып, еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық тілеймін. Он күндікте өткізілген әрбір жағымды жаңалықты, тағылымды шараны Жетісу жұртшылығына жеткізгендеріңіз үшін рахмет», – деп Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жақиянов Оралбек конференцияны қорытындылады.

Депортация басталған қиын-қыстау кезеңде біздің ата-апаларымыз өзге этнос өкілдерін бауырына басып, қамқор құшағына алды. Үйлерінен орын беріп, бір үзім наны мен жарты құртын бөлісіп жеді. Осылайша, кеңпейілдігі мен дархандығын танытты. Келген ағайындар да қол қусырып қарап отырмады. Қолына күрек пен кетпен алып, егіншілікпен айналысты.

Алғыс айту күні – тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні десек те артық емес. Біртұтас азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық қоғамды дамыту арқылы ел бірлігін нығайтудың жарқын үлгісі. Алғыс айту дегеніміз – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.

Алғыс айту күні – Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні.

Бұл мереке қазақ халқының кеңпейіл, жомарт, қонақжай, мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделген.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызды Қазақстанда алғыс айту күні деп жариялау туралы №173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар