Apple компаниясы биылғы жылы смартфонның жаңа екі түрін — iPhone 6s пен iPhone 7 смартфондарын шығара алады.
Жарияланған мәліметтердің біріне қарағанда, iPhone 6s смартфоны iPhone 6-ның қарапайым түрі және бұлар Watch ақылды сағаттарымен бірге осы жылдың алғашқы жартысында сатылымға шығады.
Ал басқа бір мәліметтерде iPhone 6S мен iPhone 7 смартфондарының екеуі де ресми түрде қыркүйек айында таныстырылады деп айтылған.
"ҚазАқпарат"