Түркияның 100 азаматы үй тұрғызу үшін Айдан жер телімін сатып алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы. "Айды асппаннан бірақ шығарды" деген осы болар, сірә. Айдағы 1 шаршы метр жер телімінің құны 99 долларға тең келген. Алғашқылардың бірі болып жер телімін алғандарға қосымша сыйлықтар үлестірілген. Айда үй тұрғызу үшін орташа көрсеткішпен жан басына 4 акр жер телімінен үлестірілген. Ал, 1 акр дегеніміз - 4 гектарға пара-пар.
Айдан жер телімін алу үшін жеке басыңды кәуландыратын құжат, Айда тұратын жеріңнің картадағы көрінісі, сол жерлердегі минералды кен көздерінің немесе бағалы металл көздерінің бар немесе жоқтығы туралы деректер көрсетуің керек екен.
Осыған дейін Айдан жер телімін алғандардың қатарында әлемдік шоу-бизнес және кино жұлдыздары Дженнифер Лопес, Шэрон Стоун, Том Круз, рсесйлік мульти-миллиардер Роман Абамович, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джорж Буш т.б.-да адамдар бар еді.
Қазіргі күнде әлемнің 172 елінен 2,5 миллионнан астам адам Айдан жер алған. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, соңғы 2 ай көлемінде 200 кісі Айдан жер телімін сатып алуға өтініш білдірген.