Qamshy.kz порталы өткен жылдың қараша айында "Головкин қай ұлттың шапанын киіп жүр?" деген тақырыпта мақала жариялаған болатын.
Бұл мәселе көтеріле салысымен әлеуметтік желілерде жазбаға қарсы пікірлер қарша бораған еді. Енді міне, аталған мәселе өз шешімін тауып, ұлттық төл ою-өрнегімен нақышталған шапанды Отырар ауданының тумасы Әбдімәжит Сыздықбеков деген азамат тігіп, Геннадийге сыйға таруды көздеп отыр екен. Бұл туралы Серік Сейтман өз мақаласында айтты.
"Қолымда Генаға сыйым ретінде алып бара жатқан арнайы тіктірген шапаным бар. Ол бұдан былай осы шапанды киіп шықса екен", - дейді Әбдімәжит Саттарұлы. Айта кетейік, кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері Геннади Головкинмен жекпе-жек өткізетін британдық боксшы Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек ақпанның 21-нен 22-не қараған түні Монте-Карлодағы "Salle des Etoiles" аренасында өтеді деп күтілуде. Отандасымыздың өнерін "Қазақстан" ұлттық арнасы тікелей эфирден көрсетеді деп күтілуде.
