Ретбек Мағаз. Шал емес қара Қазақтан, хал кетіп бара жатқанын...

/uploads/thumbnail/20170708165543943_small.jpg

"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне

Шал Ойыншыл бала күнімде, Ойыншыл еді інімде. Маңынан үйдің ұзамай, Қой қора тастың түбінде, Ойынмен таңым ататын, Ойынмен күнім бататын. Есіктің алды қара жол, Қырқадан ары асатын. Жүргенімде ойнап жүгіріп, Қыдырма жолмен қыдырып. Белдері сәл-пәл бүгіліп, Күмістен белбау буынып, Сақалы күнге құбылып, Екіден, үштен бірігіп, Шал кетіп бара жататын. Інім екеуміз шалдарға, Жарыса сәлем беруші ек, Сәлемді мақтан көруші ек. Салемді алған шалдардан, Біздерге алығыс болушы ед. Сол шалдар сонда кім еді?! Румды тектеп сұрайтын, Ұранымды айтып шыңайтын. Әкемнің әңгімешілдігі, Шешемнің шайы ұнайтын. Тыңдалмай қалса қисасы, Жүрегі жүдеп жылайтын. Қақпанындағы аюды, Қаһарына мініп сыбайтын. Сол шалдар сонда кім еді?! Көңілімнің басып пернесін, Ақтарған қазына кеудесін. Аттанып атағашымнан, Айтпаған қайтып келмесін. Есіктің алды қара жол, Сен осы қайда барасың? Жалғаған жіптей шұбалып, Өлім мен өмір арасын. Қариялар қайда қыдырған, Ертістің өрлеп жағасын. Көтере алмай жатсың ба, Қалған ел – жұрттың наласын. Сағынған жүзің солғындап, Сайгүліктердің тағасын... Қара жолменен қыдырып, Шал кетіп бара жатқанын, Көзіммен көрген шақтарым. Көңілімнің қайғы кеселін, Елімнің ауа көшерін, ойынымның бір күн қанарын, Сол қара жолдың өшерін. Ойнап жүргенде білмеппін, Шал емес қара Қазақтан, Хал кетіп бара жатқанын!   Көрінген тау   Бала күнде батыстан бұлдыраған, Қара тауға басын бұлт жұлғылаған, Аңсары ауа беретін кеудемдегі, Құлын жүрек тықыршып құлдыраған. Күн батқанда сол таудан түнге ұмсынып, Ай туатын сол жақтан, жұлдыз шығып. Солай ағып жататын ертісімде, Толқын жүзі түнеріп мың күрсініп. Қарсы алғанша ертеңгі алатаң кеп, Батысыма шөгетін қара атан боп. Самал ессе сол жақтан сипайтын - ды, Маңдайымды жып - жылы алақан кеп. Батысымда мың бояу түс құбылып, Жүрегіме тұратын ыстығы ұрып. Арқандаулы әкемнің ақбақайы, Не білді екен қоятын пысқырынып. Айдың нұры айдынға таматұғын, Тамашалап тұрыушы ем дала түнін. Селт еткізер ертісті ендей ұшқан, Топ үйректің сусылы қанатының. Еске түсіті бабалар ескі өлеңі; «Қара таудың басынан көш келеді.» Ес білгелі дертімді қозғап боздап, Көкірегімде бір тайлақ бос келеді. Бала күнде бұлдырап көрінген тау, Қыбыламда көлденең керілген тау, Арқа жақтың самалы танауға ұрып, Қоңыр кештен басталды өзіңді аңсау.   Қош Елемеймін қып – қызыл ерініңді, Ол да менің баса алмас жерігімді. Демің ыстық болсада өртемейсің. Анайы қылығыңмен еркелейсің. Аралап қыдыртар ем гүл бақтарын, гүлдерді қорқытады – ау тырнақтарың. Беймаза жапырақтар тұр түнеріп, Қасыңда келем сенің үнсіз еріп. Бәрі бір бассаңдағы бөксеңді ырғап, мен үшін жапан лезіп кеткен қымбат. Мәңгі аппақ ала таудың сәлделері, Тек саған айтып салдым әлде нені. Сөзіме аспандағы күн егілді, Аршығым лелді сенің жүрегіңді. Қалуды қаламассың сірә мұңға, Жаңғырып қалды сөзім құлағымда. Теңіз Мұң қап қойдыңыз жағада сіз, Мен үшін енді бәрі мағынасыз. Сен кеттің еш түсінбей қара басып, Мен кеттім толқындармен жағаласып. Қош!!!   Шыңырау   Досқа да, дұшпанға да құшақ ашқан, Аң түгіл бұл далада құс адасқан. Шолыпты зеңгірінен шыңырау құс, Болыпты қонары шың, ұшары аспан. Күй қылған қыран текті өр бабамыз, Бұл өзі ықылымда болған аңыз. Шыңыраудың қанатындай қос ішекті, Шырқатып шексіздікке толғаған біз. Қырандар түндігі аспан, кіндігі жер, Аңсаған еркіндікті дүр ғұмыр ол. Шыңыраудың шығандаған шер тағдырын, Шертіпті қыл ішекте күй қылып ел. Кешіріп қорқыт ғұмыр дастан дана, Ажалдан біз ғана ма қашқан дара. Қырандар қанша биік самғасада, Тыныштық болмаған – ды аспандада. Қобыздың сарынынан сыр ұққасын, Қыранның тағдырын біл рухтасым. Жортатын жер бауырлап көп аждаһа, Шыңдағы жұтады екен жұмыртқасын. Айналып ордалылар ұлы отарға, Қиядан қыран ұшып дүр ете алмай. Намысы шыңыраудың шығандапты, Тәкәпар тас түлегін түлете алмай. Абжылан аспан асты аузы жалын, Дарменсіз күй кешіпті әз қыраным. Шыңыраудың ұиядағы ұрпағын жеп, Араны асыпты абден аждһаның. Шыңырау шамырқанып асқақ текті, Темірдей тегеуріні жасқап көпті. Асқынған ордалының отарына, Бірігіп ұлы шайқас ашпақ бопты. Қарсы ұшып қасыреттің қыспағына, Шығармай хас дұшпанын ұшпағына. Жортатын жер бауырлап жымысқыны, Байырғы қуып сапты пұшпағына. Қаққанда қос қанатын көкте бекем, Кететін дауыл тұрып өктем екен. Жыландар жұмыртқасын жұтсам-ау деп, Мәңгілік армандаумен кеткен екен. Тауыпты еркіндіктен қыран бақыт, Ұшыпты тас түлегі құзарда тік. Жыландар содан бастап бұл далаға, Келмепті суық баурын сұмаңдатып! Жер үсті, аспан асты тұрағы боп, Қарайды қыран ғұмыр қырағы боп. Аспанның шексіздігі еркіндігі, Мейрімі алтын күннің шуағы боп. hM_TmINR8-c Ретбек Мағаз - ақын, Абай атындағы ҚазПУ-дың магистрі. 1989 жылы Алтайда дүниеге келген. demeu2

Қатысты Мақалалар