Алдағы уақыттарда қазақстандықтар 10 мемлекетке визасыз режимде қатынайтын болады, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.
Жақында ҚР Мәжілісіндегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Сыртқы Істер Министрі Ерлан Ыдырысов осындай мәлімдеме жасады.
"Келешекте қазақстандықтар 10 мемлекетпен визасын қатынайтын болады. Біз қазір СІМ-де осы мәселені жан-жақты талқылаудамыз. Аталмыш 10 мемлекетпен арадағы экономикалық, туристік және т.б. байланыстарды арттыру үшін осындай жеңелдіктер жасайды ұйғарып отырмыз. Бірақ, бұл әлі пысықталуда. Атап айтар болсақ, жоғарыдағы он елдің ішіне АҚШ, Ұлы Британия, Германия, БАӘ, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Кореа және Франция кіретін болады." деді Ерлан Ыдырысов.
Қазіргі таңда ҚР Сыртқы Істер министрлігінің бұл идеясына Қытайдың қызығушылығы артып отыр. Тіпті, министр өз баяндамасында Қытай басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанға ең көп инвистиция салып отырған алпауыт мемлекет. Сондықтан, олардың визасыз жүріп-тұруға келісім жасалатын он мемлекеттің қатарынан көрінгісі келетінін айтты.
Сонымен қатар ҚР СІМ Ерлан Ыдырысов келешекте электронды виза беру жүйесінің іске қосылатынан да айтты.