Қанат Исламның жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетілуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708165555580_small.jpg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның келесі кездесуі 1 наурызда өтеді. Бұл жекпе-жекті қазақстандықтар тікелей эфирден тамашалауы мүмкін.

30 жастағы боксшы "Үлкен бокс – қомақты ақша" атты бокс кешінің негізгі кездесулерінің бірінде сынға түседі, оның қарсыласы аргентиналық Гуидо Николас Питто (22-3).

Боксшылар орта салмақтағы WBC International Silver чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Жалпы, бұл бокс кешінде 11 жекпе-жек өтеді. Бокс кешін Ресейдің бірқатар телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, оның ішінде "Бойцовский клуб" арнасы бар.

Қазақстандық телеарналарға да кездесулерді тегін трансляциялау құқығы берілуі мүмкін. Себебі, бұл кеште Қазақстан атынан Қанат Исламнан бөлек, Жанқош Тұраров та өнер көрсетеді.

Айта кету керек, Ислам мен Питто дүниежүзілік бокс қауымдастығының рейтингінде өте жақын орналасқан. Қазақстандық боксшы 9-орында, ал Питто 11-орында. Bnews.kz

Қатысты Мақалалар