Челси жанкүйерлері рассизмді қолдайды

/uploads/thumbnail/20170708165557812_small.png

Кеше футболдан чемпиондар лигасының плей-офф (8\1)кезеңінде кездескен Лондондық "Челси" командасы мен "ПСЖ" ойыншылары арасындағы матчтан соң "Челси" жанкүйерлері Париж қаласының метроларының бірінде қара нәсілді азаматты метроға мінгізбей қойған, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.
Рассизимнің нағыз үлгісін көрсеткен жанкүйерлердің бұл әрекеттерін ВВС арнасы түсіріп алған..
Тіпті, шектен шыққан жанкүйерлер Франция астанасында "Біз рассизмді қолдаймыз және бұл бізге ұнайды" деген ұранмен, ән салған. Метроға мінбекші болған қара нәсілді азаматты есіктен итеріп шығарып тастаған жанкүйерлер дүйім жұрттың алдында балағаттап, тіл тигізген.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Парижде Лондондық "Челси" командасы мен жергілікті ПСЖ ойыншылары арасында чемпиондар лигасының алғашқы кезеңіндегі бірінші кездеу өтіп, есеп 1-1 мен аяқталған болатын.

Қатысты Мақалалар