АҚШ мамандары: Путин аутизмге шалдыққан

/uploads/thumbnail/20170708165614445_small.jpg

Соңғы айларда әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде Ресей президенті Владимер Путиннің денсаулығына қатысты сан түрлі қауесет тарады.  Әлемдік саясатта ең айлакер фашисттік Германияның қолбасшысы болған Гитлерден кейін ойып тұрып орын алған Путиннің сырқатына  байланысты тағы бір тың ақпаратты Америкалық  "USA Today" басылымы жариялап отыр. Арнайы Пентагонның тамсырмасы бойынша әзірленген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Ресей Президенті В. В. Путин соңғы кездері "Аспергера" ауруына шалдыққан мыс. Ал Президент денсаулығына қатысты  мәліметтер халықаралық "Ақпарат Бостандығы" (FOIA) ұйымымнан алынған.

"Аспергера" - бұл "аутизмнің" бір түрі.  Ал "аутизм" - адамның ойлау, шешім қабылдау жүйелерінің бұзылуы дегенді білдіреді.  Зерттеушілердің бірі-Бренд Коннорс Ресей президенттің халықаралық, федералдық конгресстерде жасаған баяндамаларына, өзін-өзі ұстауына сараптама жасай келе, Путинде "неврологиялық ауытқулар" бар деген тұжырымға келген.  Бренд Коннорс Пентагонның саяси-ғылыми зерттеу орталығында Ресей президенті Путиннің іс-қимылдарын 2008 жылдан бері зерттеп келеді екен. Жеті жыл жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша Путиннің  соңғы кездегі Украинаға қатысты , Минск келіссөздеріндегі т.б.  қабылдаған шешімдеріне тікелей осы сырқатының әсер еткенін баяндайды.

Қатысты Мақалалар