Ердоған еврейлерді төбесіне шығарды

/uploads/thumbnail/20170708165638291_small.jpg

Жақында түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Израил және еврей лоббилерінің қызметіне 65 миллион доллар бөлуге ниетті екенін айтты.

Түркия билік басындағы "Ақ Партияның" саяси қитұрқылығын сынға алған Стамбұлдағы  "Жұмхриет халықтық партиясының" (ЖХП)  орынбасары, жемқорлықпен күрес және тергеу  бөлімшесі төрағасы Айкут Ердогуды, ел президенті Тайып Ердоғанның Израил лоббилерінің қызметіне партия бюджетінен 65 миллион доллар төлеу туралы шешім шығарғанын мәлімдеді.

Кезінде,  түрік президенті Ердоған "Давоста" сөйлеген сөзінде Израйл бүлік шығарып, ресми  Палестинаға қысым көрсеткеніне наразылығын білдірген болатын. 2009 жылы 29 қаңтарда "Давоста" Тайып Ердоған мен Шимон Перестің арасында орын алған келеңсіз оқиғадан кейін, Түркия астанасында мыңдаған азаматтар "Жұмхриет халық партиясының", ұйымдастыруымен Исраил ұрпақтарының Палистина мұсылмандарына жасаған қысым, зорлық әрекеттеріне қарсы митингіге шыққан болатын.

Сол кезде Түрік Президенті шалғайдағы мұсылман елі еврей халқының  езгісінің астында қалғанда гуманитарлық жәрдем жіберген еді. Алайда, Мәрмәр теңізінде Түркия кемесіне шабуыл жасалып, Палистинаға аттанған кеме діттеген межеге жетпей қалады. Сол кезде 9 бірдей бейбіт адам оққа ұшқан болатын.

Сол оқиғадан кейін Түркиядағы еврей диаспорасы билік басындағы партиядан жәрдем сұрайды.

Бірақ, бұрынғы Ердоған қазір өзгерген.  Тіпті, биліктегі жетекші партия да Израил саясатын қолдап отыр.

Журналистердің сауалдарына жауап берген Ердогуды: "Жоғарыдағы төленетін 65 миллион доллар жәрдемақы болуы мүмкін. Және еврей лоббилерінің қызметіне 65 миллион 347 мың 37 доллар Сыртқы істер министрлігінің бюджетінен бөлінуі мүмкін. Алайда, аталмыш қаржының  қайдан бөлінетінін айта алмаймын" деді.

Әлемдік саясаттығы тік мінезді басшылардың қатарынан саналатын Ердоған қазір екіжүзді саясатты ұстанып отыр. Ал сарапшылар, оның бұл әрекетіне әлемдік және Түркияда кең таралған "Параллелді мемлекетшілердің" ықпалы болуы мүмкін дейді. Түркияның "Sozcu.tr.com" сайты "Ердоған еврейлерді  Ататүріктің басына дейін шығара ма?" деген мақаласында Израилге көмек ретінде бөлінетін 65 миллион долларды Түркиядағы жеке компаниялар мен жеке кәсіпкерлердің салығынан ұстайтынын жазған. Десе де, осы күнге дейін Исраил ұрпақтарына қырын қарап келген Ердоған, кенеттен жарамсақтанып, жәрдем бере қалғанының сырын әркім әр түрлі топшылауда. Бір ақиқаты, соңғы кезде Түркия президентінің Израилге іші жібіп келеді.

“Қамшы” сілтейді 

Қатысты Мақалалар