Лукашенко НАТО-дан көмек сұрады

/uploads/thumbnail/20170708165755343_small.jpg

Кеше Белорусь президенті Александр (Батька) Лукашенко армия қолбасшыларымен кездесуі барысында, әскери концепцияның өзгеруіне байланысты елдің бейбітшілігін, шекараның тұтастығын сақтап қалу үшін, Ресейдің тосын шабуылынан қорғану үшін НАТО-мен бірігуі мүмкін екенін айтты.

Ресей  Федерациясы өздерінің  байырғы көршілері - Украина мемлекетінің шекаралық тұтастығын бұзып, берекесін алғанын мысалыға ала отырып, Белорусь Батькасы дәл сол сценарийдің өздерінде де қайталануы ықтимал екенін жеткізді.

"Алдымызда аш аюдай ақырып тұрған Ресей Федерациясының қитұрқы әрі екі жүзді саясатының салдарына қалайда дайын болуымыз керек деген мақсат, міндет тұр. Құдай бетін әрі қылсын! Егер Украина территориясымен болған оқиға сюжеті бізге де айналып соғатын болса, жағдай мүлдем қиындап кетеді. Ресей шыншыл саясат ұстанып отырған жоқ. Айналамыздағы саяси тұрақсыздықтар, әлемдік дағдарыс, кландар арасындағы текетірес. Бұның бәрі жәйдан-жәй болып жатқан жоқ. Ертең, ертең болмаса бүрсүгүні Ресейдің көзі бізге де түседі. Қазіргі, аласапыран кезеңде бауырлас екі елдің жауласып, кесірінен бейбіт тұрғындардың қаза тауып жатқанын көре тұра көз жұма алмаймыз. Мәселені бейбіт жолмен шешуді Минск өзіне міндеттеп алды. Қалай болғанда да біз барлық жағдайға дайын болуымыз керек",-деді Лукашенко.

Бұл Батьканың баяғыдан бері айтып келе жатқан жаттанды сөздерінің бірі болып көрінгенімен, бұл жолы ол бұрын өзі "Жалмауыз-Монстр" деп бағалаған НАТО-мен конструктивті диалог құруға ниетті және әрқашан дайын екенін айтты.

Сонда, НАТО-ның қолтығына бүркенген Белорусия Ресеймен арақатынасын мүлде үзе ме? Жоқ, екі ел арасындағы байланыс бұрынғыдай болып қала бермек. Тек Саша Лукашенко шекарасының бүтіндігін, елінің тұтастығын ойлағаннан НАТО-дан көмек сұрамақшы көрінеді.

"Мұны түсіндірудің қажеті жоқ сияқты. Лукашенко әрдайым, диалогқа ашық екенін айтып жүретін",-дейді белорустік саясаткер Александр Федута.

"Соңғы кезеңдерде Евразиялық және Кедендік одақтағы Белорусияның тауар айналымы Ресей және Қазақстанмен салыстырғанда екі сатыға жоғары тұр. Бірақ, бұл көрсеткіштер біздің Брюссел және Вашингтонмен байланыс орнатуымызға кедергі келтіре алмайды",-деді А.Лукашенко.

"Лукашенко қазір өзіне қысым Брюссел немесе Берлиннен емес, Мәскеуден келетінін жақсы түсінеді. Мұны ашық айта алмағанымен, НАТО-мен келісімге келуі мүның айқын көрінісі. Украина мен Ресей арасының бүлінуінен Лукашенко еш ұтылған жоқ. Керісінше осы бір кезеңде өзіне ұпай жинап та үлгерді. Ең әуелі Белорусия Батыспен байланысын нығайтты. Мұның дәлелі соңғы кездері Неміс канцлері Ангела Меркел мен Француз президенті Француа Олландтың Минскге сапарының жиілеуі",-дейді Санкт-Петербордағы Еуропа университетінің порфессоры Григорий Голосов.

Украина дағдарысы алдында Ресейдің Батыс елдері арасында беделі де жақсы еді, сөзін де өткізе алатын. Қазір жағдай 360 градусқа кері айналған. Енді  Батыс ресми Минскі мен Астананың сөзін тыңдайды, -дейді сарапшылар.

2013 жылы НАТО-ның штаб-базасында Белорус әскерлерімен бірлесіп оқу-жаттығу шараларын да өткізген. Бұл бірінші рет емес. Байқағанымыздай, Белорусияның бұл ұсынысын НАТО қабылдайтынын да айтқан.

Белорусия НАТО-ға шекарасын бұрын да ашып берген. 2004 жылы НАТО әуеде бомбалаушы ұшақтарын Белорусия аймағы арқылы тасымалдаған. 2013 жылы құрлық әскери, брони техникаларын тасымалдау транзитін ашып беру туралы келісімге қол қойылған еді. Ал 2014 жылы Белорусия әскерилері НАТО-ның базасында оқу-жаттығу шараларына қатысып, кәсібиліктерін шыңдаған болатын.

Қатысты Мақалалар